113
19 мая 2022

Осы аптада Өскеменде гүл отырғызу жұмыстары бастау алды

Әдетте бұл процесс 20 мамырдан кейін басталатын, алайда метеоболжам талдауы енді түнгі уақытта үсік жүрмейтінін көрсетті.

Бүгінгі таңда Республика алаңында, Қазақстан көшесінде, Арбатта гүл отырғызылып қойды, қазір жұмыстар Үлбі және Ертіс көпірлерінің маңындағы аймақтарда жүргізіліп жатыр. Біржылдық гүлдерді отырғызу жұмыстары маусым айының ортасына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл жұмыстарды «Таза Өскемен» МҚК жүргізеді. Кәсіпорынға осы үшін арнайы жергілікті көгалдандырушы мамандар жұмысқа алынды.

Гүл отырғызуды бастамай тұрып, учаскелерде ландшафт дизайнерлері жұмыс істейді. Гүлдердің сұрыпы бірінен кейін бірі гүлдейтіндей етіп таңдалады. Бұл өрнектердің сұлулығын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ гүлдер түнгі уақытта суғарылады.

0
0
0
0
0
0