344
1 августа 2022

ШҚО мемлекеттік кірістер департаментінде жалпыға ортақ декларациялау түсіндірілді

Ведомствода декларацияда қандай мәліметтерді көрсету керектігі айтылған, деп хабарлайды YK-news.kz.

2025 жылға дейін Қазақстан біртіндеп жалпыға ортақ мағлұмдау кезеңдеріне өтулері тиіс. Оған ауысу 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған – осы кезден бері мемлекеттік қызметкерлер мен соған теңестірілгендер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, олардың жұбайлары декларация тапсырып бастайды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға ортақ декларациялау кәсіпке де әсер етеді, ал 2025 жылдан бастап аталған шеңберге азаматтардың барлық санаттары енеді.

– «Жеке тұлғалардың міндеттері мен активі туралы Декларация» 250.00 декларациясында нені көрсету міндетті. Бұл форма кірмелік болып саналады. Бастапқы декларация осы. Онда Қазақстан Республикасы аумағынан тыс, яғни шет мемлекетте тіркелген мүлікті көрсету қажет. Айталық, пәтер, тұрғын үйлер, коттедждер және басқалары. Шет мемлекеттерде тіркелген көліктерді, шет ел банктеріндегі шоттарда жатқан ақшаны (егер 1000 АЕК-тен асса) да қосуға болады, – деді ШҚО бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова. – Сонымен қатар қатысу үшін Қазақстан территориясында және одан тыс жатқан заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы бөлігі көрсетіледі. Жылжымайты мүлік, инвестициялық алтын, құнды қағаздар, интеллектуалды меншік нысандарының мүлікті сенімгерлікпен басқару басқармасы және басқа мүлік басқармасына берілген бөлігі есепке алынады. Десе же бұл жерде аталған мүліктер бағасының бір данасы 1000 АЕК-тен асуы ескеріледі.

Әсем Тұрлыбекова декларацияда Қазақстан Республикасының өкілетті органында тіркелген мүлік пен көлікті көрсетудің қажеті жоқ екенін айтты.

– «Жеке тұлғалардың міндеттері мен активі туралы Декларация» 250.00 декларациясы үлгісінен соң «Жеке тұлғалардың міндеттері мен активі туралы Декларация» 270.00 үлгісін тапсыру міндетті. Ол жерде мүлікті иелену дереккөздеріне қол қою керек. Ал 250-ші үлгіні көрсету арқылы азамат өзін жыл сайын 270-ші үлгіні көрсету міндеттемесін қабылдайды, – деді спикер.

Ведомство дерегінше, бүгінде 270.00 декларациясын 48 505 адам көрсеткен, бұл дегеніміз көрсету міндеттемесіне ие барлық адамның 82,5%-ын құрайды.

Мінддеттер мен актив деклороциясының электронды нұсқасында салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), egov.kz порталы, сондай-ақ «eSalyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы көрсетуге болады. Жалпыға ортақ декларациялауды түсіндіру үшін 1414 нөмірі іске қсоылған. Мұндай бірыңғай республикалық нөмір бойынша салықтық және шекаралық тақырыптарда сауалдар қоюға болады.

0
0
0
0
0
0