149
11 августа 2022

ШҚО-да биылғы егін жинау бойынша болжам ұсынды

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасында егістік науқаны жайлы және өңір бойынша жем-шөп тапшылығы байқала ма, жоқ па екендігі айтылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Ресми мәліметке сәйкес биыл Шығыс Қазақстан бойыша ауылшаруашылығы дақылдарын егу үшін жер аумағы 600 мың гектардан асты. Оның ішінде дәнді және бұршақ (284,7 мың гектар), майлы (209,4 мың гектар), жемшөптік (128,3 мың гектар), көкөніс және бақша дақылдары, сонымен қатар тамыр жеміс (14 мың).

– Бидай дақылдарының 45,5 пайызының жағдайы жақсы, 53,4 пайызы – қанағаттанарлық, ал 1,1 пайызы нашар. Майлы дақылдар бойынша: 38,9 пайызының жағдайы жақсы, 59,3 пайызы – қанағаттанарлық, 1,8 пайызы нашар, – деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.

Ведомствода, ауылшаруашылық дақылдары үшін биыл ауа райының қолайлы болғандығы айтылды.

– Биыл жиналатын егін мөлшері былтырғымен бірдей болады деп күтіледі, – деді мамандар.

Жауапты тұлғалар ШҚО өз аумағында тұрғындарды дәнді, майлы дақылдармен, қарақұмық, картоп және көкөніспен қамтамасыз ете алатындықтарын атап өтті. Пиязбен өңірдің 50 пайызға жуығы қамтылған.

– Шығыс Қазақстан облыс бойынша жем-шөп тапшылығы байқалмайды. Бұдан бөлек, өңірде жемшөптік дақылдар аумағын ұлғайтау бойынша жыл сайынғы үрдіс байқалып келеді, – деді мамандар.

0
0
0
0
0
0