179
11 августа 2022

ШҚО-да 233 мекеме «Е-мұрағат» ақпараттық жүйесіне қосылған

Шығыс Қазақстанда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру белсенді жалғасын тауып жатыр. Өңірде ақпараттық технологияларды әрі қарай дамыту, құнды қағаздарды, тарихи маңызы бар құжаттарды сандық үлгіге ауыстыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ШҚО Цифрландыру және архив басқармасы архив және құжаттама бөлімінің басшысы Алмагүл Шаитова айтып берді.

 Еліміздегі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік тапсырмасын орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» бағдарламасын жүзеге асыруда.

– Облыста «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне 23 мекеме қосылған. Бұл 19 мемлекеттік мұрағат, қалалар мен аудандардағы 19 әкімдік пен 20 мәслихат, 25 басқарма, сондай-ақ 11 аумақтық бөлімше, – деді Алмагүл Шаитова.

Оның сөзінше, 2021 жылғы 27 қыркүйектен бастап, Бірыңғай электронды архив жүйесі өндірістік қолданысқа енгізілген.

– «Ведомстволық архив» арқылы мемлекеттік органдардың күш салуымен барлық 160 мың құжат енгізілді. Осы жыл біткенше ҚР бойынша мекемелер тарапынан электронды құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды тек «Е-Архив» ақпараттық жүйесі арқылы ғана жүзеге асыру жоспарлануда. Тағы бір айта кетерлігі, «Архив 2025» жобасын кешенді іске асыру мақсатында 2022 жылға облыстық бюджеттен архивтік құжаттарды цифраландыру үшін жабдықтар сатып алуға қаржы бөлінді, – деді спикер.

Брифинг соңында  архив және құжаттама бөлімінің басшысы ақпараттық жүйелерді әрі қарайғы дамыту әлі де бақылауда тұрғанын жеткізді.

0
0
0
0
0
0