85
11 августа 2022

ШҚО Тарбағатай ауданында білім және медицина нысандарына көңіл бөлінбек

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Тарбағатайдағы әлеуметтік нысандарды аралап, аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына барды. Аймақ басшысы аудандық аурухана мен мектепке табан тіреді.

«Ауруханада заманауи жабдықтар орнатылған, дәрігерлер Израиль мен Литвада тағылымдамадан өтті. Медициналық мекемені жөндеуге және қайта жабдықтауға бюджеттен қосымша қаржы бөлеміз», — деді Даниал Ахметов. — Басқа да көптеген шалғай ауылдардағы сияқты жаңа мектепте де интернет жылдамдығын арттыру қажет. Бүгінде бұл мақсатта арнайы жоба бар. Біз рсы мәселені шешу үшін антенна құрылымдарын саламыз. 

Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы аудан тұрғындарымен кездесті.

Тұғыл ауылындағы сумен қамту және өңірді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті жұртпен талқыға салдық. Бұл мәселелер тұрақты бақылауда. Депутаттар мен қоғам белсенділерінің белсенділігіне риза болдым. Біз шекаралық аймақтарды дамыту және «Бірқабатты Шығыс» бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыра береміз. Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауданға жұмысқа келуге ниет білдірген жас мамандарға да пәтер беретін боламыз», — деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов халыққа жаңа аудан әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлын да таныстырды.

— Ол Ақжар ауылының тумасы. Басқару тәжірибесі бар. Қазірдің өзінде басталған жобаларды жалғастырып, жаңаларын қолға ала алады, деп атап өтті ШҚО әкімі.

0
0
0
0
0
0