112
12 августа 2022

ШҚО-да жастар күнін атап өтуде

Тамыз айының 12-сі күні Қазақстанда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Шығыс Қазақстан облысында барлығы 18646 жас тұрып жатыр, пайызбен шақсақ тұрғындардың 16,5%-ы.

Мерекелік шаралар облыс көлемінде тамыз айының 10-ы күні кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Бүгін облыс орталығында жастар буынын қолдап, оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында өңір аумағында мерекелік шаралардың тиегі ағытылды. Бұл мерекенің маңызды бөлігі болып NEET санатындағы жастармен жолығу сәтін айтуға болады. Көпшілік бұл тұрғыда белсенділік танытып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түрлі кеңес берілді. Бұдан бөлек, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен диалогтар ұйымдастырылып, белсенді, талантты жастар марапатқа ие болды. Интеллектуалды ойындар, волонтерлік және қайырымдылық шаралары, әлеуметтік желі арқылы біраз челлендждер де қолға алынды.

Жалпы алғанда, бүгін жастарды қолдау үшін мемлекет тарапынан түрлі жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Облыс әкімдігі ұсынған мәліметке сәйкес жұмыспен қамту бағдарламасын және «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 6613 адам техникалық және кәсіби білім алуда. 2022 жылы бизнес-жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға 312 грант беру жоспарланған. «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» жобасы аясында 1057 жас жұмысқа тұрды. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 290 жас маман көтерме жәрдемақыға ие болса, үй салып, сатып алу үшін 112 адам бюджеттік несиелер алды.  «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес 495 адам еңбекпен қамтылған.

Өңірде «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» үш жылдық жобасы аясында өңірде «Jastarga kenes» атты 19 кеңес беру орталығы ашылды.

Бұдан бөлек, тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған ұлттық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бірінші жартыжылдық аясында 3,7 мың жас ұлттық жоба қатысушылары атанып, оның ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын алғанда жастардың 12 мыңнан астамы қамтылды.

Бұдан бөлек, түрлі қызмет саласын (білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы) автоматтандыру үшін «Skills for geeks» 14 IT-жобасының облыстық чемпионаты аясында жалпы сомасы 13 миллион теңгенің грантына ие болды.

Түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына ағылуын тоқтату үшін облыста «Білікті маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2017 жылдан бастап жоба аясында сұранысқа ие мамандықтарға 1886 грант бөлінді. 2022 жылы 410 грант қарастырылған, оның ішінде 60%-ы техникалық мамандықтарға арналған.

«Жас маман» жобасына сәйкес 10 құзырет орталығы ашылды. Түлектердің шетелдік білім ошақтарына ағылуы бес есеге азайды. Патриоттық жұмыс аясында өңір бойынша дәстүрлі түрде «Айбын» жастардың әскери-патриоттық жиыны, «New generation», «Студенттік көктем» фестивалі, «WorldSkills» жұмыс кәсібі чемпионаты, «Заводная молодежь», «Шуақты шаңырақ» байқаулары, жастар форумы конкурсы өтеді.

0
0
0
0
0
0