175
16 августа 2022

ШҚО-ға апта сайын 400 тонна қант жеткізіледі

«Ертіс» ӘКК таратқан ақпаратқа сәйкес тәтті өнімнің осынша көлемі тамыз айында жеткізіле бастаған. Әлеуметік-кәсіпкерлік корпорациясындағылар қант тапшылығын болдырмау қатаң бақылауда екенін баса айтты, деп хабаралайды YK-news.kz тілшісі.

«Ертіс» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламалар департаменті директоры Артем Демидовтың мәліметінше, біздің өңір үшін 3797 тонна қант немесе 56 вагон қант жеткізу бойынша келісімшарт жасалған. Сұраныс үнемі артып тұратын бұл өнім облысқа еліміз бойынша іргелі саналатын Тараз және Көксу қант зауыттарынан жеткізіледі. Бүгінде өңірге 1900 тонна қант жеткізілсе, оның 1100 тоннасы Өскемендегі дүкен-дүңгіршектерге әкелінді. Осынша көлем қазірде тұрғындар назарына, сатылымға шыққан.

Тәтті өнімді жеткізу әрі қарай жалғасын таба бермек. Мамандар тіпті, осы жағына жіті мән беріледі деді.

– Жағдай үнемі бақылауда. Тамыз айында біз әр апта сайын жеткізілетін қант мөлшерін 400 тоннаға дейін ұлғайттық. Осы ретте қант тапшылығы болмайды, – деді  Артем Николаевич.

Сонымен қатар ол «Ертіс» ӘКК қантты бағаны тұрақтандыру павильондары (Өскемен қаласы бойынша 28 дана), үй жанындағы дүкендер мен ірі сауда желілері арқылы сататынын еске салды.Тұрақтандыру қоры нүктелерінде қант бағасы – 469 теңге. Үй жанындағы дүкендер мен ірі сауда желілері оны 15% үстемемен, яғни бір келісін әрі кетсе 539 теңгеден сатады.

0
0
0
0
0
0