Шығыс Қазақстанда кезекті археологиялық сенсация тіркелді
Биыл археологтар шығысқазақстандықтарды кезекті рет таң қалдырды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Күршім ауданындағы қорғанды қазу кезінде белгілі археолог Зейнолла Самашев ат әбзелдеріне арналған алтын бұйымдар тапты.
– Жылқының сақ тайпасынан шыққан патшаға тиесілі болғаны анықталып отыр, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instаgram парақшасында. – Бұлар – ерекше әдемі әшекейлер. Өкінішке қарай, қорғанның өзі тоналған болып шықты, бірақ екі жасырын орны сақталған екен. Сондай-ақ, алғаш рет металл үзеңгі табылды, онда барыспен аң аулау сәті бейнеленген. Аталған жәдігерлер мұражайға қойылды.
Сонымен қатар, археологтар музыкант-жауынгердің кескін-келбетін және ежелгі музыкалық аспаптарды қалпына келтірді, олар Елеке сазы алқабындағы қорғандардың бірінен табылған болатын. Алдағы уақытта ұлттық аспаптардың хас шеберлері өңірімізге шақырылады, олар домбыра «атасының» көшірмесін жасап, үнін шығаруы тиіс.
– Қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ал қыркүйек айында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы өтпек, өйткені Шығыс Қазақстанның байырғы тарихы мен археологиясы әлемнің озық ғалымдарын таң қалдырып, тәнті етуде, – деді өңір басшысы.