Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ инновациялық жобаларды таныстырды
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында студенттік бизнес-инкубаторларды құру механизмдері талқыланып, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әлеуметтік бағыттағы инновациялық жобалары таныстырылды. Бұл жобаларды іске асыру үшін инвесторлар тарапынан қосымша салымдар талап етіледі.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың төрағалығымен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен кездесу барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың төрт серпінді жобасы бизнес-қауымдастыққа таныстырылды.
«Бүгін біз ШҚТУ базасында іске асырылып жатқан инновациялық жобалар туралы білуге жиналып отырмыз. Өткен аптада мен университет шеберханасына кіріп, осы жобалардың бірін жүзеге асыру аясында жасалған титан импланттарын көріп шықтым. Ия, шынымен қызық! Бес жыл бұрын ауруханалардағы операцияларда қолданылған ұқсас имплантаттар әкелінгенін білемін. Енді, менің түсінуімше, олар бізде өндіріліп, ауруханалардағы операцияларда тікелей қолданылады. Осы және басқа да жобалар туралы университеттің басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты Жадыра Қоңырбаева толығырақ айтып береді», – деді Қайрат Мамырбаев.
ШҚТУ проректоры қазіргі уақытта университет тарапынан іске асырылып жатқан және қосымша қаржы құюды талап ететін инновациялық жобалардың тұсаукесерін өткізді.
«Қазақстанның қызмет көрсету нарығындағы біздің бәсекелестік артықшылығымыз – университетіміздің ғылыми әлеуеті өте зор болуымен байланысты. Соңғы он жыл ішінде әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргіздік, өте маңызды жобаларға гранттар жеңіп алдық және бұл жобалардың нәтижелері айтарлықтай, олар кәсіпорындармен, өндіріспен бірге қол жеткізілді. Барлық жобалар біздің өңірлік экономикамыздың сұранысы бойынша жүзеге асырылуда, олардың барлығы әлеуметтік бағдарланған», – деп атап өтті Жадыра Қоңырбаева.
Маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша қазақстандық пациенттердің 23 пайызы үшін имплантаттарды орнату өте қымбат немесе тіпті қолжетімсіз шыққан. Өйткені олардың құны 400 мың теңгеден жоғары. «Қазақстандық медициналық имплантанттар өндірісі» жобасы шеңберінде университет қазақстандық медициналық имплантанттарды әзірлеп, оны шығарумен айналысады, олардың құны импорттық аналогтардан 47,5%-ға төмен.
«Біздің медициналық импланттарымыз клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті, қазірдің өзінде Қазақстанда 19 адам біздің ғалымдарымыз дайындаған осы детальға ие», – деді Жадыра Қоңырбаева соңғы деректерді келтіріп.
Жоба академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығымен, Семей медицина университетімен және бүкілукраиналық жақ-бет хирургиясы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Оны одан әрі табысты іске асыру үшін 300 миллион теңге инвестициялық қаражат талап етіледі. Оларды медициналық мақсаттағы бұйым (әрі қарай ММБ) өндіру жөніндегі жабдықпен жете жарақтандыруға, материалдар мен жинақтауыштарға арналған шығындарды, өндірісті аттестаттауды, клиникалық сынақтар жүргізуді және ММБ-ны медициналық бұйымдар тізілімінде тіркеуді жіберу қажет.
«Біздің өңірде экономикаға, әлеуметтік өмірге және жалпы адамдардың өміріне қауіп төндіретін көптеген қауіпті аумақтар, ошақтар анықталды. Бұл тұрғыда біздің ғалымдарымыз да зерттеулер жүргізуде, белгілі бір бэкграунд бар және біз серіктестерімізбен бірлесіп «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Көшкін қаупі» жобасын қаржыландыруды ұсынамыз, – деді Жадыра Қоңырбаева.
Жобаны әзірлеушілердің мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысының аумағында 497 көшкін болатын жер анықталды, оның ішінде 336 ошақ шаруашылық және әлеуметтік объектілерге, адамдардың өміріне қауіп төндіреді. ШҚО баурайларында көшкін қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату кезінде де анықталады. Айталық, соның нәтижесіне қарай автожолдарды жауып, көшкінді мәжбүрлеп түсіру, халықты ақпараттандыру сияқты алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыруды бастау үшін беткейлерді зерттеуге, автоматты станциялар үшін метеостанциялар мен басқа да тораптарды, IT-платформаларға арналған жабдықтарды (серверлер, графикалық станциялар және т.б.) сатып алуға, бағдарламалық кешен құруға 50 млн теңге талап етіледі.
«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Су тасқыны».
«Шығыс Қазақстан облысында өзен желісі дамыған. Бізде 800-ден астам өзен бар, бұл республикадағы барлық су қорының 40%-ын құрайды. Сондықтан су басу проблемасына біз басқаларға қарағанда жиі кезігеміз. Су тасқынының себептері – қыста қардың қалың жаууы, топырақтың қатуы, көктемде температураның күрт жылынуы, күнұзаққа толассыз жауатын жаңбыр», – деді ШҚТУ проректоры.
Су тасқынын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін университет маусымдық су тасқыны кезінде аумақтардың су басуын болжау және мониторинг жүргізу жағын да ойластырады. Осы бойынша қамтамасыз ету әдістерін қамтитын талдау жүйесін әзірлеуді ұсынады. Жобаның серіктестері – ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасы, «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ. Жобаны жалғастыру үшін 327 млн теңге көлемінде инвестиция қажет. Бұл қаржыға қар жамылғысын өлшеуге, ақпараттық-сараптамалық жүйе үшін жабдықтар сатып алуға, компьютерлік инфрақұрылымды қолдауға, іссапарларға ақы төлеуге де болады.
Сондай-ақ кездесу барысында ШҚТУ мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері инвестициялар тарту мүмкіндіктері мен CDIO қағидаттары негізінде студенттік бизнес-инкубаторлар құру тетіктерін, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылмалы жобаны қаржыландыру және жер қойнауын пайдаланушылар табысының 1%-ы мөлшерінде аударымдар мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қатысуымен өнеркәсіп және ғылым мәселелерін өзара тиімді шешу жағы қызу талқыға түсті. Бұдан бөлек, диалог форматында жер қойнауын пайдаланушылармен бірқатар кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
«Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік бағыттағы бастамаларын толық қолдаймыз. Өз тарапымыздан бизнес-қоғамдастығы мен әлеуетті инвесторлардың университетпен тығыз қарым-қатынаста екенін айтамыз. Бүгін таныстырылған жобаларды коммерцияландыруға барынша қол ұшымызды созамыз», – деді Қайрат Мамырбаев.