ШҚО-да «Мектепке жол» акциясы жалғасуда
Білім беру бағытыдағы шенеуніктер акцияның қазіргі уақыт аралығындағы қорытындығы тоқталды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
«Мектепке жол» акциясы бірінші тамызда басталып, қыркүйек айының соңына қарай аяқталады. Бүгінгі күні акция аясында 3 345 бала 22 миллион теңгеден астам сомаға киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек алды. 3 200 бала демеушілерден 16 миллион теңге көлемінде атаулы қаржылық көмек алды. Орташа алғанда, бұл бір балаға шамамен 5 мың теңге.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастырады, онда кеңсе тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
– Қазір біз меценаттарды, демеушілерді және ірі өнеркәсіптік компанияларды акцияға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жанұялардан шыққан балаларды мектепке баруға дайындауға көмектесеміз, – деп атап өтті ШҚО Білім басқармасы тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Әсем Нүскенова.
Ал көп ұзамай шығысқазақстандық оқушылар еліміздің ірі қайырымдылық қорларынан да көмек алады.
– «Қазақстан халкына» қорына біз облыстың 3 256 баласына 37 000 теңге көлемінде біржолғы төлем алатын тізімдерді дайындаймыз. Тізімдер ҚР Білім министрлігіне жолданатын болады. Бұл атаулы көмек, яғни ата-аналардың атына сертификаттар беріледі, – деді Әсем Хасенқызы.
Осы сертификаттармен ата-аналар белгілі бір жеткізушілерге хабарласып, көрсетілген сомаға қажетті оқу құралдарын сатып ала алады.
– Біз «Самұрық-Қазына» және «Дәулеттен» қорларына 1 000-нан астам балаға тізім бердік. Бұл сөмкелермен, кеңселік керек-жарақтарымен және басқаларымен қамтамасыз етілген бүлдіршіндер, – деп атап өтті спикер.