115
1 сентября 2022

Онкологиялық сырқаты бар науқастар ШҚО-ға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жоғары технологиялық көмек ала алады

Көпбейінді онкология орталығы мен хирургияның фотосы

Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында қатерлі ісіктің әралуан түрлеріне арналған оталарды жоғары білікті мамандар жасайды. Олар шеттерінен тәжірибелі, осындай жауапкершілікті жұмыс кезінде зор тәжірибеге ие. Мамандардың алаңсыз жұмыс істеулері үшін клиниканың ең заманауи құралдармен қамтылуы аса маңызды. Біршама демеу. Жоғары технологиялық жабдықтар, жаңа операциялық және химиотерапиялық емдеу әдістері — осының бәрі пациенттердің толық сауығуына жоғары мүмкіндік береді.

Бұл жолы шығысқазақстандық дәрігерлер Шымкент тұрғынын асқазандағы агрессивті қатерлі ісіктен құтқарды.

Көпбейінді орталықтың торакалды онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Әділбек Баймусановтың айтуынша, асқазандағы қатерлі ісік – әлемде кең таралған онкологиялық аурулардың бірі.

– Барлық ауру түрлерін алып қарасақ, асқазандағы қатерлі ісігі бар науқастар жиі жүгінеді. Онкологиялық аурулардың өзге түрлерін алып қарасақ, біршама асқынған, – деп түсіндірді дәрігер. – Көбінде 35 жастан асқан ерлер мен әйелдер жиі ауырады. Біздің бақылауларымызға сәйкес, асқазандағы қатерлі ісіктің 60 пайыздан астам жағдайында мүмкін болатын метастаздармен үдемелі сатысында диагноз қойылады. Мұндай пациенттер дереу емдеуді бастап, шұғыл көмек көрсетуді талап етеді.

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы Шығыс Қазақстанның онкохирург дәрігерлері көрсететін жоғары технологиялық көмек жайында естіген. Дәрігер Әділбек Баймусановқа операция жасауды өтініп, хат жазған. Өскеменге келген соң ер адам қажетті тексерулерден өтіп, ота жасалды.

Торакальды онкохирургия бөлімшесі меңгерушісінің айтуынша, кеңейтілген ота жасалды – қатерлі ісікті жою арқылы асқазан мен өңешке резекция жүргізілді. Операциядан және оңалту курсынан кейін науқас қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

– Өңірлік ауруханада жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсетіледі деп еш ойламадым, – дейді Шымкент тұрғыны. – Жергілікті дәрігерлер қатерлі ісік сияқты ауру түрімен күрес кезінде тайсалмаған нағыз мамандар. Онкологиялық орталықта медициналық көмек тегін көрсетілгенін ерекше атап өткім келеді.

Әділбек Баймусанов диагностикалау мен емдеудегі медицинаның жоғары жетістіктеріне қарамастан, асқазан қатерлі ісігі симптомсыз түрде қайта асқынуы мүмкін дейді. Сондықтан дәрігер жыл сайын келіп, жоспарлы тексерістен өтуді ұсынды.

Бірнеше қарапайым ережелерді сақтау арқылы асқазан ісіктерінің пайда болу қаупін азайтуға болады. Қатерлі ісікке дейінгі ауруларды (гастрит, асқазан жарасы, полиптер және басқалар) уақтылы емдеген жөн. Майлы, тұзды, ысталған, ащы және қуырылған тағамдарды тұтынуды азайтып, рационыңызда көкөністер мен жемістердің, диеталық өнімдердің үлесін арттыру керек. Бұдан бөлек, тамақтану режимін сақтап, алкоголь мен темекі шегуден бас тартқан жөн.

– Тәжірибеміз көрсеткендей, қандай сатыда екеніне қарамастан асқазан қатерлі ісігін емдеу әрдайым мүмкін, – дейді дәрігер. – Біздегі онкологиялық орталықта әзірленген және сыналған әдістер осы ауруды емдеуге, дерттің өршуінің алдын алуға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. ШҚО онкологиялық орталығында МӘМС және ТМККК аясында барлық қазақстандықтар білікті медициналық көмек ала алады.

0
0
0
0
0
0