Өскеменде неміс мәдениетінің алғашқы фестивалі өтті
Сол жағалау кешеніндегі этноауылда Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының 30 жылдығына арналған неміс мәдениетінің алғашқы фестивалі өтті.
Фестиваль волонтерлер, қоғамдастық қатысушылары мен неміс тілі мұғалімдерін Алғыс хаттармен марапаттаудан басталды. Оны «Widergeburt» неміс мәдени орталығы директорының орынбасары Александр Шиллинг табыстады.
– Осындай форматтағы фестивальдер адамдарды мәдени жағынан дамытуға көптен-көп үлес. Қазақстанда 140-тан астам этнос өкілдері тұрады. Мұнда әр ұлт бір-бірлерінің мәдениетіне құрметпен қарайды. Өзара қандай да бір дәстүрмен, әдет-ғұрыппен алмасамыз. Әйтеуір жаңа дүние алу, – деді Александр Шиллинг, – сол себепті де мен қаламызда осындай фестивальдердің көптеп ұйымдастырылуын дұрыс деп санаймын.
Шара аясында камералық оркестр, вокалды және би топтары өнер көрсетіп, фестиваль көркін қыздырды. Сонымен қатар зімбірмен тәттілерге өрнек салу, «фахверк» стиліндегі үй құрастыру, қолөнер бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Шара неміс асханасы тағамдарының жәрмеңкесі мен қолдан жасалған қуыршақ, ескі құрал-жабдықтар және тағы басқа заттар ұсынылған шығармашылық көрмемен аяқталды.