162
13 сентября 2022

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған үйлер салынады

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің сөзінше, құрылыс учаскелерінде байланыс болуы керек, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

«Жуық арада президент тапсырмасына сәйкес облыста 147 көпбалалы және аз қамтылған жанұялар үшін тұрғын-үй құрылысын бастаймыз, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. – «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бізде бірнеше жоба бар. Өте тиімді екендігі жиі айтылуда. Үйлер жылы, іші жайлы, жобалануы да біршама ыңғайлы.

Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде өзгелерге қарағанда көпбалалы отбасылардың көбі Тарбағатай ауданында тұрып жатыр. 48 жанұя. Одан кейін Зайсан ауданында – 41, Ұлан ауданында – 21, Күршім ауданында – 14, Алтай ауданында – 5, Катонқарағай ауданында – 5, Самар ауданында – 4, Шемонаиха ауданында – 5, Глубокое ауданында – 4 отбасы бар.

«Осы аудан әкімдеріне отбасылармен тағы бір рет кездесу өткізуді тапсырдым. Жобаларды дайындаулары тиіс. Құрылыс учаскелерінде байланыс болуы керек. Өңірдегі құрылыс компанияларында осындай үй тұрғызу бойынша тәжірибе бар» – деді әкім.

0
0
0
0
0
0

Самое читаемое