84
10 октября 2022

ШҚО ауылдарында жуық арада 30-дан астам мекеме пайда болмақ

Ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункт пен медпунктерді бірыңғай жобалар бойынша салу жоспарланған, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

– Президент тапсырмасына сәйкес ауылдарда 27 медпункт, екі фельдшерлік-акушерлік пункт және жеті отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отырмыз, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. – Бұл үшін үлгілік жобалар әзір, құрылысты бастауға еш кедергі жоқ. Қазір Риддердегі 500 адамға арналған емхана салынуда. Мұнымен қатар медициналық ғимарат құрылысы тәмамдалған соң бірден науқастарды қабылдау үшін керекті жабдықтар сатып алу қолға алынған.

Әкімнің ойынша, елдімекендерде үлгілік ғимараттар салу – шағын құрылыс бизнесі үшін біршама қолайлы әрі тартымды нысан. Әрі қарай да осы сияқты жобаларды іске асыру жалғасын таппақ.

0
0
0
0
0
0