169
19 октября 2022

Шығыс Қазақстанға еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі келді

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов келді. Вице-министр қалалық мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, ардагерлер мен жастар ұйымдарының басшыларымен, ҮЕҰ өкілдерімен, көп балалы аналармен, мүгедек адамдармен, әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Өз сөзінде ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтты.

Риддерде Ақмади Сарбасов "Казцинк" ЖШС "Қазцинкмаш" ӨК-де болып, кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Келесі кезекте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көп балалы аналармен, мүгедек адамдармен және әлеуметтік қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Өткізілген кездесулер барысында вице-министр әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады", — деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік кодекс жобасында отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы отбасылардың әлеуметтік тәуекелдер жүйесін қалыптастыру көзделгенін хабарлады.

"Сондай -ақ, жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансаптық орталықтарға айналдыруды және қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейтін жұмыспен қамту саласында жаңа саясат құрылады", — деп атап өтті Ақмәди Сарбасов.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әлеуметтік кодекс жобасында балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейтуге ерекше назар аударылғанын айтты.

"Атап айтқанда, бала күтімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді төлеу мерзімі бір жарым жылға дейін ұзартылады, сондай-ақ марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де ұлғайтылады", — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Оның айтуынша, әлеуметтік кодекс жобасында МЖӘ тетіктері арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту, ауқымды цифрландыру және адами факторды төмендету есебінен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту көзделген.

0
0
0
0
0
0