22 наурызда Өскеменде трамвайлар жолаушыларды тегін тасымалдайды
Әкімдіктің мәліметінше, тегін жол жүру сағат 5:00-ден 23:30-ға дейін жалғасады, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Еске сала кетсек, 22 наурызда Наурыз мейрамын тойлауға қатысты Республика алаңында бірнеше шара өтеді. Мерекелік бағдарлама сағат 22:00-ге дейін жалғасады.
Әкімдік «қала тұрғындары үшін сағат 5:00-ден 23:30-ға дейін трамвайда тегін жүру ұйымдастырылады» деп хабарлады.