Қазақстандағы су тасқыны: ШҚУ зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті гуманитарлық көмек жинап, Ақтөбе облысына жөнелтті. Тасқын болған аймақта 1300-ден астам үй су астында қалып, 8 мыңға жуық мал шығынға кеткен. 64 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған.
Университет қызметкерлері тамақ өнімдерін, суды тазартуға арналған сүзгілерді, жеке гигиена құралдарын, тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және жылы тұрмыстық керек-жарақтарды, көрпе-жастықтар жинаған.
Студенттер де шетте қалмады. Жастар гуманитарлық көмекті жинастырып, жөнелтті.
ЖОО басшылығы атап өткендей, зардап шеккен азаматтарға көмек әрбір азаматтың борышы.