261
18 апреля 2024

Өскемендік еріктілер бұлақ маңында жүзден астам қап қоқыс жинады

18 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шешек ауданында бұлақ маңындағы аумақ ретке келтірілді.

Жалпы Қазақстан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

Акция аясында 13-20 сәуір аралығында «Киелі мекен» деп аталатын апталық тарихи және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды.

Шешектегі сенбілікке еріктілер мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

— Сенбілікке 50 адам қатысты, біз жүзден астам қап қоқыс жинадық, — дейді жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ербол.

3
0
0
0
0
0