88
22 апреля 2024

Дойбының сиқырлы әлемі

ШҚО Мәдениет басқармасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан арнайы кітапханасы мен Нашар көретін балаларға арналған № 14 мектеп-балабақша кешенінің  көпжылдық ынтымақтастығы біржолғы іс-шаралардан  басталып, «Сиқырлы дойбы әлемі» атауымен практикаға  бағытталған ұзақ мерзімді жобаға айналды. Осының арқасында оқушылар қарым-қатынасқа,  ақыл-ой процестерінің, адамгершілік қасиеттердің дамуына, олардың қоғамда бейімделуіне және әлеуметтенуіне ықпал ететін қажетті және өте құнды дағдыға ие болады. 

— Біздің ұйым 1982 жылдан бастап балабақша ретінде жұмыс істейді, ал 1997 жылы ол мектеп-балабақша болып қайта құрылды, — деп атап өтті № 14 мектеп-балабақша кешенінің басшысы Динара Түсіпова. — Қазіргі уақытта көру қабілеті нашар 143 бала осы кешенге барады, оның ішінде 67 бала бастауыш мектеп балалары. 2022 жылдан бастап біздің мекеменің базасында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасымен бірлесіп, үшінші - төртінші сыныптардың балалары тартылған «Дойбының сиқырлы әлемі» жобасы сұраныспен іске асырылуда. Дойбы ойнау дағдыларын үйретуге және қалыптастыруға бағытталған жоба балалардың зейінін, логикалық ойлауын және диалогтық сөйлеуін дамытуға ықпал етеді. Кітапханамен одан әрі де ынтымақтастықта жұмыс істеуге үміттенеміз. 

Жоба жетекшісі - Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының тифлопедагогы Гүлбану Күзекбаева көру қабілетінде кемістігі бар оқушыларға дойбы ойынының негіздерін апта сайын үйретіп отырады.

— Сабақ үшін арнайы бейімделген тақталар пайдаланылады, — деп түсіндірді Гүлбану Күзекбаева. — Дойбы тақтасындағы ақ шаршылар қара шаршыларға қарағанда көтеріңкі болып, осылайша әрбір дойбы ұяшықта тұрады. Бұл тақтадағы дойбының орнын оларды қозғап жіберуден қорықпай еркін зерделеуге мүмкіндік береді. Ақ дойбы мен қара дойбының қолмен сипағанда ерекшелігі білінеді. Осылайша, көру қабілеті бұзылған балаларға кез-келген серіктеспен дойбы ойнауға мүмкіндік туады. Дойбы ойнау дағдыларын меңгеру есту және түйсіну жаттығуларынан басталады. Дене құрысын жазып болған соң, балалар өткен материалды ойын түрінде қайталайды.

«Дойбы тақтасына саяхат» кезекті сабағы барысында балалар дойбы тақтасының негізгі сызықтары қандай және олардың  ерекшелігі неде екенін біліп, дойбы партиясын жазу ережелерімен танысты. Сабақ соңында балалар практикалық жұптық ойынмен жаңа тақырыпты бекітті.

— Ойында балалар шешім қабылдауға, ұтылғанына ренжімеуге, қателіктерін талдауға, жолдастары үшін шын жүректен қуануға үйренеді, — деп атап өтті қызмет көрсету секторының меңгерушісі Елена Дементьева. Ал жағдайды бірнеше қадам алға есептей білу, жауапкершілік алу — оларға ересек өмірде де пайдалы болатын қасиеттер. 

Балалар дойбы ойнау шеберлігін игеру үшін кітапханашымен әр кездесуді асыға күтеді. Дойбы ойынын үйренуден басқа, қолдың моторикасы мен саусақтардың сезімталдығын дамытатын тактильді фигуралардың әртүрлі формалары (жануарлар, көкөністер мен жемістер, геометриялық  пішіндер және т.б.) мен суреттер қолданылады.

Жобаны іске асыру барысында балалар дойбыға тұрақты қызығушылық танытты, неғұрлым табанды және жинақы болды, құрдастарымен  біліктілік пен ынтымақтастық дағдыларын игерді. Сондай-ақ, олар көптеген кітапханалық іс-шараларға белсенді қатысады, Луи Брайльдың ерекше шрифтімен, қазақстандық жазушылардың және әлемдік әдебиеттің шығармаларымен танысады, гаджеттерден алшақтап, өз көздерін сақтайды.

0
0
0
0
0
0