392
26 апреля 2024

Ақсуатқа апарар жол бүгін ашылады

Күршім – Қалжыр – Ақсуат жолының тасқын су шайып кеткен учаскесі қалпына келтіріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары бүгін аяқталады.

Жол жұмыстарына "ОблысШығысЖол" ЖШС-ның 12 қызметкері жұмылдырылып, 8 техника тартылған.

— Қазір су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Жол өзегіне қосымша үш құбыр орнаттық. Учаске толық қалпына келтірілген соң, су құбарлар арқылы өтеді және көлік қозғалысы ешқандай қауіп төндірмейтін болады. Жұмысты бүгін аяқтаймыз, — деді "ОблысШығысЖол" мекемесінің өкілі, учаске басшысы Бағлан Ұябаев.

Жол жұмыстарының барысын ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов бақылап қайтты.

1
0
0
0
0
0