541
4 мая 2024

2024 жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қандай төлемдер алады?

Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай ШҚО-да тұратын соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 307,7 миллион теңге болатын біржолғы төлем беру көзделіп отыр.

ШҚО Қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, Ұлы Отан майдандарында соғысқан ардагерлер әрқайсысы бір жарым миллион теңге алады. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша көзі тірі 14 ардагер қалған.

Мемлекеттік наградалары бар тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Ленинград қоршауынан аман қалған адамдар, фашистік концлагерьлердің тұтқындары мен қаза тапқан сарбаздардың жесірлері мереке құрметіне 100 мың теңгеден алады. Сәуір айының басындағы есеп бойынша, осы санаттың өкілдерінен облыста 362 адам тұрады.

Ал марапатсыз қалған тыл еңбеккерлерінің әрқайсысына осы атаулы күнге 50 мың теңгеден тиесілі.

— Барлық санаттар бойынша төлемдер 2024 жылғы 9 мамырға дейін төленеді, — деді ШҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Серік Жеңісов.

6
0
0
2
0
0