Өскеменде бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
17 мамырда Жұмыспен қамту орталығының жанында 300 ашық жұмыс орнын ұсынған 40-тан астам әлеуетті жұмыс берушілердің өкілдері жиналды.
Қызметкерлерді белсенді іздейтіндер тізімінде "ҮМЗ" АҚ, "Машзавод" АҚ, "Темірбетон комбинаты" ЖШС, "Өскемен Водоканал" КМК, "Нұрбанк" АҚ және т.б. бар екен. Бүгінгі таңда жоғары және орта арнайы білімі бар техникалық кадрлар ең қажеттілер екен. Жүргізушілер, дәнекерлеушілер, мұғалімдерге де сұраныс жоғары.
"ҮМЗ" АҚ үстелінің маңында нағыз аншлаг байқалды. Бүгінгі таңда кәсіпорында жұмысшы және инженерлік мамандықтардың 111 өзекті бос орны бар. Бұл бос жұмыс орындарының барлығы "Қазатомөнеркәсіптің" ресми сайтында орналастырылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істеу сенімділігімен, жоғары табыс деңгейімен және жақсы әлеуметтік пакетімен тартымды.
Өскемен қалалық соты сот отырыстарының хатшыларын іздейді. Мұндай қызмет үшін заңгерлік білім, қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгеру және, әрине, сауаттылық қажет.
ШҚО мемлекеттік қызмет істері департаментіне бас мамандар қажет екен. Болашақ шенеуніктер үшін алдыңғы жұмыс тәжірибесі қажет емес, бірақ жоғары білім міндетті болып табылады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті медициналық, биологиялық және техникалық білімі бар адамдарды санитарлық қызметтерде жұмыс істеуге шақырды. Ізденушілердің жоғары және орта арнаулы білімі аяқталған болуы тиіс.
ҚР Ұлттық ұланының №№ 5518, 3477, 6638 әскери бөлімдері жастарға келісімшарт бойынша қызмет істеуді ұсынады. Олардың мақсатты аудиториясы — мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері. Аяқталған орта арнаулы және жоғары білім туралы диплом иегерлеріне офицерлік лауазымдарға орналасу мүмкіндігі ашылады. Петропавлдағы Ұлттық ұлан Академиясына түсу арқылы мансапты одан әрі дамытуға болады. Өскеменнің әскери бөлімдерінде бүгінде әскери билет талап етілмейтін, таза "әйелдерге арналған" лауазымдар бар.
"Қазпошта" АҚ пошта таратушыларды іздейді. Бірнеше жылдан бері ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатқан трамвай паркінде электр монтерлері мен газ дәнекерлеушілері қажет. Танымал пицца желісі аспаздарды қажет етеді. Жазғы демалыс кезінде қосымша ақша табу үшін даяшы ретінде жұмысқа тұруға болады.
— Мұндай жәрмеңкелер — өз ісін табуға арналған тамаша мүмкіндік, — дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит. — Бүгінде бос жұмыс орындарын 40 кәсіпорын, ұйым, мекеме ұсынады. Бұл жерде болашақ жұмысың пен дамуың үшін қажет нәрсенің бәрін табуға болады деп үміттенеміз.
Мұндай форматтағы іс-шаралар тоқсан сайын өткізіледі. Қазіргі жәрмеңке тек жастар аудиториясына — колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне ғана бағытталған шара емес. Кейбір жұмыс берушілерге мамандығы бойынша тәжірибесі бар адамдар қажет. Барлық жастағы үміткерлер келуде. Олардың қатарында Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрғандар және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар бар.
— Біз адамдардың АӘК алудан үміттеніп отырып қалмауын қалаймыз, — деп түсіндірді Өскемен қаласының Мансап орталығының директоры Арайлым Есімбекова. — Әрине, мемлекет қолдау көрсетеді. Бірақ тұрақты негізде жұмыс істеу үшін мүмкіндік жеткілікті. Кәсіпорындарда жұмыс бар. Әрине, колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысқа орналасатын түлектері үшін де біз білімі бойынша және өз қалауы бойынша жұмыс таба алатын үлкен алаң жасадық.