Катонқарағайға Астана мен Алматыдан рейстерді іске қосу жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданының қорық аймақтарын туристерге, оның ішінде шетелдіктерге де қолжетімді етуге ниетті.
Бұл үшін шетелдіктер мен Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары Катонға тікелей Алматы мен Астанадан жетуге мүмкіндік алуы үшін логистиканы барынша жеңілдету талап етіледі. Оңтүстік және Солтүстік астаналардан тікелей әуе рейстерін жіберу Катонқарағай ауылындағы әуеайлақты қайта жаңартқаннан кейін мүмкін болады. Облыс бұл жұмысты "Pana Asia" қонақ үй бизнесінің ірі халықаралық операторымен бірлесіп жүргізуді жоспарлап отыр. Мәселе қазір республика деңгейінде шешілуде.
— Қазіргі уақытта Катонқарағай ауданының әкімдігі бастапқы деректерді жинауда: жергілікті жерге топотүсірілім жасап, температуралық режим, жел бағыты, жер асты суларының деңгейі және т.б. бойынша мәліметтерді жинауда, — деп хабарлайды ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов. — Бастапқы деректер дайын болғаннан кейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ және "Қазаэронавигация" РМК мамандары жобалауға қолайлы ұшу-қону жолағының ұзындығын және пайдаланылатын әуе кемелерінің түрлерін ұсынады.