428
27 января 2025

Өскемен үшін Ертіс арқылы өтетін көпірдің жобасы әзірленеді

Фото: Сұлба редакция мұрағатынан

Жаңа өткел Виноградов көшесі мен Меновое маңындағы жағалауларды байланыстырады.

Біз қаланың бас жоспарында қарастырылған осы көпірді салу жоспарлары туралы бірнеше рет жазған болатынбыз. Енді  шенеуніктер сөзден іске көшуде.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, байқау өткізілген екен.

— Жақын арада мердігермен көпірді жобалау туралы шартқа қол қоямыз. Байқауға үш компания қатысты — екеуі Алматы және біреуі Астанадан, — деді Нұржан Жұмаділов. — Байқауды "Қазақ ПромТрансПроект" жобалау-іздестіру институты жеңіп алды. Бұл компания Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді, Павлодардағы көпірді жобалаған және тәжірибесі мол.

Шарттың талаптары бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бір жыл бөлінеді.

— Бірақ біз келесі жылы көпір құрылысын бастау үшін құжаттаманы әзірлеуді биыл аяқтауға тырысамыз, — деп қосты Нұржан Сайлаубекұлы.

1
0
0
0
0
1