53
13 часов назад

«Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаю кепілі» — Берік Асылов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық басымдық болып қала беретінін атап өтті.

2025 жылдың алғашқы 3 айында елдегі қылмыс деңгейі 5,8%-ға (құқық бұзушылық 35 320-дан 33 279 дейін) төмендеді.

Бұл барлық құқық қорғау органдарының тек жазалауға емес, алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесі екенін атап өтемін.

Қылмыстың жасалмауының басты себебі – профилактикалық шаралардың тұрақты қабылдануы. Бұл – құқықтық тәртіптің шынайы ықпалы.

Мынадай бағыттар бойынша айтарлықтай төмендеу тіркелді:

  • ұрлық – 29,3%-ға;
  • бұзақылық – 32,6%-ға;
  • мал ұрлығы – 27,6%-ға;
  • онша ауыр емес қылмыстар – 11,9%-ға төмендеді.
  • аса ауыр қылмыстар – екі есеге азайды.

Азаматтардың аулаларында тыныштық, көшеде қауіпсіздік, балалар үшін алаңсыз орта болуы тиіс.

  • Алайда кейбір өңірлерде қылмыс:
  • Шымкент қаласы - 25,8%-ға;
  • Жамбыл облысы - 21%-ға;
  • Ұлытау облысы - 13,6%-ға;
  • Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – орташа деңгейде өсуі байқалады.

Бұл өңірлерде ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, нақты бағытталған жұмысты жүргізу қажет.

Прокуратура қылмыспен күресті үйлестіретін орган ретінде әрбір ведомствоның қол жеткізген нәтижесі үшін нақты жауапты болуын талап етеді. Жергілікті жерлердегі прокурорлар мемлекеттік органдардың бытыраңқы әрекетіне жол бермей, олардың өзара іс-қимылын және келісімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Алаяқтық 3,9%-ға төмендеді, жалпы келтірілген залал 41,4 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайды (2024 ж. – 93,7 млрд тг).

Оның ішінде 11,7 млрд теңге өтелді, бұл іс жүзінде өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Залалды өтеу бойынша жұмыс күшейтіледі.

Әрбір қылмыстық іс – бұл жәбірленушінің тағдыры. Маңыздысы – тек кінәліні жазалау емес, әділеттілікті қалпына келтіру.

2025 жылдың бірінші тоқсанында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жүйелі және белсенді жұмыс байқалады. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізілді: есірткі қылмыстарын анықтау саны 14%-ға, оның ішінде сату фактілерін анықтау 13%-ға артты, 1,5 мыңнан астам іс сотқа жолданды, заңсыз айналымнан 3,3 тоннадан астам есірткі құралдары, оның ішінде героин, гашиш, марихуана және синтетикалық заттар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге артық алынды.

Арнайы прокурорлар ірі есірткі дүкендеріне қатысты қылмыстық істерді тергеп-тексеруде. «Ақшаның ізіне түсу» қағидатын іске асыру аясында олар айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Тек үш ай ішінде үшінші тұлғалардың (дропперлердің) атына рәсімделген 12 мыңнан астам банк шоты бұғатталып, 2,1 миллиард теңгеден астам есірткі кірістері анықталды. Олардың 5 миллиард теңгеден астам мүлкі мен 6 миллион АҚШ долларына тең криптовалютасы тәркіленді.

Профилактика – бұл жай ғана формалдылық емес. Бұл қоғамдағы құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар жиынтығы.

0
0
0
0
0
0