Өскеменде "Көктем Жеңісі" атты жылжымалы концерт өтті
Үшінші мамырда Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы мен "Алтай" халық би ансамблінің әртістері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Колонна Жаңа Ахмер әскери бөлімінен сағат 9.00-де шығып, одан әрі Ахмер, Меновное, Жібек жолы көшесі, Сәтбаев даңғылы арқылы өтті. Әртістерді бүкіл қала жылы қарсы алды: жақын маңдағы көліктер сигнал беріп, жаяу жүргіншілер тротуарлардан қол бұлғады.
Өскемен тұрғындары қаланың бес алаңында өткен концерттік бағдарламаны тамашалауға жиналды. Алдымен әртістер Әлия Молдағұлова көшесіндегі автобустардың соңғы аялдамасында өнер көрсетті, содан кейін Ізғұтты Айтықов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, одан кейін концерт "Гостиный двор" алаңына (Владимир Мыза көшесі), "Самал" паркінің тұрағына (Дмитрий Карбышев көшесі) және соңында Арбатқа көшті. Жұрт барлық жерде концерттік колоннаны қошеметпен, «Браво!» деп, алғыс сөздерімен қарсы алды.
Қала тұрғындары концертті тамашалауға бала-шағасымен, ата-аналасымен, ата-әжелерімен, төрт көздері түгел жиналыпты. Көрермен әртістерге қосылып, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады, бізге бейбіт аспан сыйлаған батырларды еске алды.