37
7 июня 2025

ШҚО әкімі Славский жағалауын заманауи үлгіде абаттандыруды тапсырды

Өскемен қаласындағы абаттандыру нысандарын аралау барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан көшесінің тұсындағы көпір асты кеңістікті абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі – 2329,24 шаршы метр.

Бұл жерде воркаут аймағы мен балалар алаңында шағын архитектуралық формалар, теннис үстелдері, сегізбұрышты ринг, ашық киіну бөлмесі, дизайнерлік трибуналар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылады.

«Бұл – біздің ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін жастар үшін сүйікті демалыс орны. Сондықтан бұл жерде амфитеатрды, жағалауды және спорт алаңдарын біріктіретін жан-жақты кешен жасау қажет. Славский жағалауында заманауи абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын орнату керек. Сонымен қатар, Пермитин көшесінен Славский жағалауына дейінгі көпір асты жолдың құрылысын шұғыл аяқтау қажет», – деді Нұрымбет Сақтағанов құрылыс нысанында берген тапсырмасында. Ол сонымен қатар жобаның жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

0
0
0
0
0
0