273
13 ноября 2025

Өскеменде криминогенді аумақтар қоғамдық кеңістіктерге айналуда

Қала әкімі Алмат Ақышовтың идеясы — шаһардағы жаман атаққа ие орындарды заңға бағынатын азаматтар үшін қауіпсіз және тартымды ету.

2025 жылы қалада бұрын асоциалды элементтер жиналған бірнеше ықтимал қауіпті орындар жойылды. Ертіс көпірінің астындағы қараңғы және қорқынышты кеңістік салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін тартымды ыңғайлы спорт аймағына айналды. Абай даңғылында орналасқан автовокзал маңындағы көпшілікке белгілі «шұңқыр» да абаттандырылуда.

Осыған ұқсас өзгерістер Шешек асуындағы ескі жол аймағында да орын алды.

— Шешек асуы бұрыннан бері Өскемен тұрғындары арасында теріс ассоциацияларды тудыратын, — деп есептейді Алмат Ақышов. — 1990 жылдары бұл жерге адамдар төбелесуге келетін. Біз мұны өзгерткіміз келді. Сондықтан ескі трассаны жаяу жүруге ыңғайлы демалыс орны ретінде пайдалануды ұйғардық. Бүгін демалыс күні емес, сонда да мұнда қаншама адамдар жүр, бұл көңіл қуантатын жайт! Біріншіден, біз алаң салдық. Екінші кезекте жарық тартып, дәретхана орнаттық. Сын көп айтылды, бірақ электр қуатынсыз дәретхана жұмыс істемейді. Күні кеше қостық. Шаһарымыздың шекарасын көрсету үшін қаладан Самсоновкаға дейін жарық тарттық. Самсоновкада тұратындар да қала тұрғындары болып есептеледі. Сондықтан олар орталықта тұратындармен бірдей артықшылықтарға ие болуы керек. Жарықтандырудың бір бөлігі бақылау алаңына дейін, ал екінші бөлігі Буранная көшесінің бойымен Куленовкаға дейін созылады. Мұндағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Сонымен қатар осының бәрін ары қарай дамыту үшін бизнеске тапсырамыз ба, әлде өз күшімізді саламыз ба, соны қарастырамыз.

Айта кетейік, кәсіпкерлер Шешекте атпен серуендеу мен квадроциклдерді жалға беруді ұйымдастырып үлгерген.

Қала билігінің жаңа стратегиясы көп жағдайда қазіргі шаһар басшысының Өскеменде өсіп, мұндағы күрделі мәселелермен жақсы таныс екеніне байланысты.

— Мен жергілікті тұрғынмын ғой, — деді жымиып Алмат Ақышов. — Осал жерлерді де,

аздаған ресурстармен жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктерін де білемін.

0
0
0
0
0
0