ШҚО өсімдік майын өндіру бойынша көш бастап тұр
Облыстың май өнеркәсібі саласында бүгінде жалпы өңдеу қуаты 959 мың тоннаға жуық 13 кәсіпорын жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Өскеменде қуаты жылына 169 мың тоннаға дейін жететін тағы бір май экстракциялау зауыты — «АLTAI MAI» ЖШС пайдалануға берілді.
2025 жылдың басынан бері ҚХР мен Литваға мың тоннаға жуық күнбағыс экспортталды.
Халықаралық импорт көрмесінде (CIIE) Майлы дақылдарды қайта өндеушілердің ұлттық қауымдастығының құрамына кіретін қазақстандық май зауыттары қытайлық ірі сауда компанияларымен жалпы сомасы 105 миллион АҚШ доллар болатын май өнімдерін жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойды. Бұл көрсеткіш өткен жылы жасалған келісімдер көлеміне қарағанда екі есе көп.
Көрме ағымдағы жылдың 5-10 қарашасы аралығында Шанхайда өтті. Оның барысында Шығыс Қазақстан облысының екі кәсіпорны — «Altyn Shyghys» ЖШС және «Востоксельхозпродукт» ЖШС жалпы құны 50 миллион АҚШ доллар болатын өсімдік майын жеткізу туралы келісімшарттарға отырды.