Теориядан практикаға – «Түзелу жолы»
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында есепте тұрған адамдар үшін «Түзелу жолы» деп аталатын шынайы әрі қажет гайд-тур ұйымдастырды.
Іс-шара ШҚО ҚАЖД №17 мекемесінің базасында өтті, онда пробациялық және профилактикалық есепте тұрған азаматтар темір тордың ар жағындағы өмірмен өз көздерімен танысты.
Гайд-турдың басты мақсаты – есептегі азаматтарға заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және өмірлік бағыт-бағдарын түбегейлі өзгертуге көмектесу.
Тур барысында қатысушылар заң бұзғандардың қандай салдарға тап болатынын және қандай қатал жағдайларда өмір сүретінін өз көздерімен көрді. Бұл олардың қателіктің құны қандай екенін түсінуге мүмкіндік берген көрнекі сабақ болды.
Гайд-тур кезінде прокурорлар ең маңызды жайттарға назар аударды:
Құқықбұзушылықтың алдын алу: Заңды қайталап бұзудың оқшаулауға әкелу себептері.
Жазаның бұлтартпастығы: Заңсыз әрекеттердің болашаққа және өмірлік мақсаттардың жүзеге асуына қалай қауіп төндіретіні.
Сонымен қатар, олардың санасында оң өмірлік құндылықтарды, заңға құрметпен қарауды және конструктивті жолды таңдауды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.