ШҚО: Димаштың қатысуымен өтетін халықаралық Гала-концерт өтетін жерге қалай жетуге болады
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясындағы іс-шаралар 11 шілдеде Катонқарағай ауылында өтеді, деп хабарлайды YK-news.kz.
11 шілде
- 11:00 – 17:00 — республикалық ақындар айтысы (Катонқарағай ауылы, үлкен сахна);
- 16:00 – 17:00 — спорттық ойындар (көкпар)
- 17:00 – 18:00 — спорттық ойындар (бәйге)
- 20:00 - 23:00 — Гала-концерт (үлкен сахна).
Сахнада Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Моңғолия, Башқұртстан және Тыва Республикасының әртістері өнер көрсетеді. Фестивальдің бас хедлайнері Димаш Құдайберген болмақ.
Катонқарағайға қалай жетуге болады?
Туристік ақпараттық орталық мамандары карта дайындап, былай деп атап өтті:
«Іс-шара өтетін жерге екі бағыт арқылы жетуге болады, олардың әрқайсысы өзіне тән әдемілік пен тартымдылыққа ие. Жол бойында сіздерді көркем пейзаждар, жайлы демалыс орындары және аялдап, табиғат сұлулығына тамсануға, жаңа әсер алуға болатын көптеген локациялар күтеді».