ШҚО-да саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
«Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облысында «Мобильді керуен» республикалық акциясын бастады. Партияның арнайы автобусы өңірдің қала-аудандарын аралап, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізуде. Акция аясында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалуда. Бұдан бөлек, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. «Мобильді керуен» Глубокое, Қасым Қайсенов, Алтай, Үлкен Нарын, Күршім, Зайсан және Ақжар елді мекендерін қамтиды. Кездесулер ашық форматта ұйымдастырылып, халықпен тікелей байланыс орнатуға бағытталған. Партияның ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірде жалғасады.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясының өкілдері сайлауалды ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Қоғамдық орындарда тұрғындармен жүздесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды. Азаматтар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Үгіт-насихат материалдары тұрғындарға таратылды. Ақпараттық парақшалар арнайы белгіленген орындарға орналастырылды. Ақпараттық жұмыстар өңірдің бірнеше елді мекенінде жалғасуда.
«Байтақ» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бірнеше бағытта ұйымдастырды. Бүгін «Есіктен есікке» акциясы белсенді өтті. Тұрғындармен жеке кездесулер барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Агитациялық баспа материалдарын жабыстыру және тарату жұмыстары жалғасуда. Үгіт-насихат материалдары белгіленген орындарға орналастырылып, тұрғындарға таратылды. Бұдан бөлек, «Моссо» сауда үйінде тұрғындармен кездесу өтті.
Қазақстан Халық партиясының мүшелері тұрғындармен тікелей кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаны кеңінен таныстырды. Қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Азаматтардың сауалдарына жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды. Үгіт материалдары халыққа үлестірілді. Ақпараттық парақшалар заңнама талаптарына сәйкес арнайы орындарға ілінді. Кездесулер барысында тұрғындармен ашық пікір алмасу жүргізілді. Партияның үгіт-насихат науқаны жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.
«Ауыл» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Агитациялық материалдар тұрғындар арасында таратылды. Үгіт парақшалары белгіленген орындарға орналастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше ауданда қатар жүргізілді. Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Азаматтардың сұрақтарына жауап берілді. Үгіт-насихат шаралары жоспарға сәйкес жалғасуда.
«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Ақпараттық жұмыстар халық көп жиналатын орындарда және сауда ойын-сауық орталықтарында өткізілді. Шараға 500-ге жуық азамат қатысты. Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.
«Respublica» партиясының өкілдері қоғамдық орындарда сайлаушылармен кездесулер өткізді. Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары түсіндірілді. Азаматтармен еркін форматта пікір алмасу ұйымдастырылды. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Үгіт-насихат материалдары тұрғындар арасында таратылды. Ақпараттық парақшалар белгіленген орындарға орналастырылды.