Өскеменде абаттандыру жобалары үшін дауыс беру басталды
Қала тұрғындары келесі жылы "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында қайта жаңғыртылатын нысандарға дауыс бере алады, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Тұрғындар қандай да бір нычсан үшін өз дауысын мына сілтеме бойынша бере алады: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/bnu/576?lang=ru
"Халық қатысатын бюджет" аясында балалар мен спорт алаңдарын, көшелерді жарықтандыру мен автотұрақтарды жайластыруға, жолдарды, тротуарларды жөндеуге және т.б. өтінімдер берілді.
— Дауыс беру 15 мамырға дейін жалғасады, — деп хабарлады ТКШ, жолаушылар көлігі және автожол бөлімінде.