197
4 мая 2023

Өскеменде төрт спорт алаңы салынуда

Халық қатысатын бюджет шеңберінде құрылыс бір мезгілде облыс орталығының төрт шалғай ауданында жүргізілуде деп хабарлайды Noks.kz.

Өскемен қаласының әкімі Көкжал Барақ көшесіндегі № 7/1 көпқабатты үйдің ауласындағы волейбол-баскетбол алаңына барды. Мұнда қоршау тіректері көтеріліп, жұмысшылар бетон негізін құюға арналған алаң дайындауды аяқтауда.

— Біз "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына қатысқан болатынбыз, дауыс беру нәтижелері бойынша бізде осы тамаша алаң пайда болады, — деп бөлісті жергілікті тұрғын.

— Халық қатысатын Бюджет — бұл ел Президентінің тапсырмасы. Біз жұрттың өтінімдері бойынша конкурс жариялаймыз, — деп атап өтті Жақсылық Омар.

Қала басшысының айтуынша, алаңды орнатуды аяқтауға бір ай уақыт кетеді, содан кейін аула спортшыларының иелігіне толық өтпек.

Сондай-ақ, жаңа спорт алаңдары Сограда (Фасадная көшесіндегі алаң), Ахмировода ("Металлург-6" бау-бақша серіктестігі) және Самсоновкада пайда болады.

0
0
0
0
0
0