Өскеменде жарықтандырылған музыкалық субұрқақ "шоуын" күніне төрт рет тамашалауға болады
Республика алаңындағы субұрқақ кестесі туралы ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі хабарлады, дейді YK-news.kz тілшісі.
— Қалыпты режимде субұрқақ күн сайын сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, музыкамен — 19.00-ден 22.30-ға дейін жұмыс істейді. Әр жарты сағат сайын - үзіліс, ал музыкалық жарықтадырылған шоу сағат 19.00, 20.00, 21.00 және 22.00-де тұрғындар назарына ұсынылмақ, — деді коммуналдық қызметкерлер.
Елена Бредихина