Өскемен саябақтары қалай түрленеді
Көктем - жаңару мен жаңғыру мезгілі. Дәл осы кезде жыл көлемінде тұрғындарды қуантып тұратындай қаланы абаттандыруға жаңашылдықтар енгізіледі. Танымал демалыс аймақтары қалай түрленетіндігі туралы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының директоры Арсен Тен айтып берді.
Сол жағалаудағы саябақ
Қала тұрғындарының сүйікті этносаябағында өзгерістер үнемі енгізіліп отырады. Ал 2023 жылы мұндағы инфрақұрылымда ауқымды өзгерістер күтілуде. Олардың бір бөлігін қыдырып келушілер бірінші мамыр мерекесінде бағалап үлгерді.
— Біріншіден, қазір хайуанаттар бағының қақпасы композиторлар аллеясының артында, — деді Арсен Владимирович. — Хайуанаттар бағының фауна бөлімінің кеңеюіне байланысты біз логистиканы аздап өзгерттік. Бұл ауқымды құрылыс емес, оларды барынша табиғи ортаға жақындату үшін қоршауларды кеңейтеміз. Екіншіден, бұғылар мен басқа тұяқтылар енді қайың арасында өмір сүреді. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, әзірге біз оны енді ғана бастадық.
1 мамырдан бастап саябақта дәстүрлі көлік түрі - жаңартылған және боялған локомотивтер іске қосылды. Бұл көліктерден басқа саябақ туристер үшін арнайы экскурсиялық электр автобусын сатып алды.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кезінде қала тұрғындары этноауылдың соны жаңалықтарын көрді. Этникалық тұрғын үйлердің экспозициялары бұрынғыдан да шынайылана түсті, қазір учаскелерде хайуанаттар бағынан көшірілген ауылшаруашылық жануарлары қоныстанған. Сонымен қатар, үйлерде ұлттық музыка ойнатылып, мереке кезінде ұлттық тағамдар мен сусындар да қойылды. Ал үй қараушылары қонақтарды ұлттық киіммен қарсы алады.
Алдағы уақытта асық және городки сияқты этникалық ойындар енгізіліп, оларды келушілер ойнай алатын болады.
"Абай үйінің" жанындағы үш күмбезде осы жазда бізде жылжымалы экспозициялар қойылады", - дйді директор. - Қазіргі уақытта онда сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері жинақталған 1 мамырға арналған көрме көпшілік назарында.
Мұнда Бірлік Күні ғана мерекеленбейді, алдағы мамыр айындағы мерекелерді де этнопаркте өткізу жоспарланғандықтан, әр мейрамға дайындық жұмыстары қызу жүргізіледі.
"Самал" саябағы
— Өткен жылы біз "Самал" саябағында BMX велотрегін салдық, — деп еске алды Арсен Тен. — Он жыл бұрын бұл спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енгізілген, аталған спорт түрі қазір барлық жерде танымал. Біз де заман ағымынан қалмауды шештік. Бізде бес және үш метрлік рамптар салынған. Біріншісі - барлық халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіпқойлар үшін. Онда қалалық және облыстық жарыстар өткізіледі. Тіпті республикалық немесе континенттік деңгейдегі жарыстарды өткізуге әбден болады. Екіншіден, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, балалардың велосипед тебуіне қолайлы.
Велотрек қазірдің өзінде жаңа экстремалды спорт түрін игеруге құлшынған жас өскемендіктер арасында танымалдылыққа ие.
— Биылғы жылы тректе жұмыс істейтін BMX спорт мектебі жаңа велосипедтер мен жабдықтар (каска мен шынтаққорған) сатып алды, — дейді Тен мырза. — Біздің міндетіміз — бұқаралық спортты дамыту, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз жеті жастан асқан балаларды сол жерге шақырғымыз келеді. Мектептің жаттықтырушылар құрамы толық жасақталған, біз тек осы спорт түрімен айналысқысы келетіндерді күтеміз.
Тау велосипедін игеруге тырысатындар үшін мектеп жаттықтырушылары нұсқаушысының бақылауымен барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, сынақтан өтуге мүмкіндік беруге дайын. Ол үшін саябақ басшылығы велосипед Федерациясына велосипедтер мен жабдықтарды жалға беру қызметін ашуға мүмкіндік берді.
Қасым Қайсенов саябағы (бұрынғы Киров)
Осы көктемде Өскемендегі ең көне саябақтардың бірінде келушілер кесілген ағаштардың діңдерін байқады. Белгілі болғанындай, ағаштардың кесілуі саябақтардағы қалыпты құбылыс болып табылады.
— Біз жыл сайын санитарлық кесу және қию жұмыстарын жүргіземіз, — деп түсіндірді директор. — Бұл толыққанды ақпараты жоқ кейде кейбір азаматтардың арасында теріс реакциясын тудырып жатады. Мұның бірнеше себептер бар. Біріншіден, келушілердің қауіпсіздігі. Егер қандай да бір ағаш желдің әсерінен қауіпті болса, адамдардың үстіне құлап кетпес үшін біз оны кесіп тастаймыз. Бұл көбінесе кәрі ағаштарға немесе белгілі бір тұқымды өсімдіктерге қатысты болады. Мысалы, тігінен өспейтін үйеңкілердің тепе-теңдігі бір жағына ауып, құлау қаупі туындауы мүмкін.
Кесудің екінші кең таралған себебі - жас ағаштар өсетін аумақты тазарту кәрі алып ағаштар күн сәулесінің түсуі мен көшеттердің суарылуына кедергі келтіретіндіктен жүргізілетіндігін атап өтейік.
— Кәрі ағаштың тамыр жүйесі өте кең тарап, кейбіреулерінің диаметрі 10-15 метрге дейін жетеді, — деп түсіндірді Арсен Владимирович. — Бұл жақын орналасқан ағаштардың өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қатар, мұндай тамыр негізінен жапырақты ағаштарда болатындықтан, олар жас өскіндердің жарығын көлегейлейді. Мүмкіндік болған жағдайда, біздің мамандар тармақталған бұтақтарды кесіп тастайды, олар үш ай ішінде тәж тәріздес дөңгеленіп өседі. Бірақ ескі ағаштарды бұлай кесу мұндай нәтиже бермейді, сондықтан оларды жас ағаштармен алмастыру үшін алып тастаймыз.
Сонымен қатар, саябақ орман емес екенін ұмытпауымыз керек. Бұл белгілі бір жоспар бойынша салынған сәулеттік-ландшафттық нысан, сондықтан оған көшет егу тұрақты және белгілі бір жүйемен реттеледі. Қандай да бір композиция жасау үшін ағашты 10-15 жыл бойы өсіру керек. Сондықтан саябақтарда көгалдандыру уақытпен және белгілі бір кезеңдерде жүреді, бұл қартайған өсімдіктерді жас өсімдіктермен ауыстыруды, кесуді немесе дизайнды өзгертуді қамтиды.
— Біздің дендролог, бағбандар және ландшафтшы мамандар саябақта ұзақ жылдар бойы жұмыс еңбек етіп келе жатқандықтан, көбінесе санитарлық кесу немесе қию туралы шешімді сол ағашты еккен адам қабылдап жатады, — деп атап өтті Арсен Тен.
Сондай-ақ, мұражай директоры көгалдандыру мамандары демалыс орындарына біздің кейде болмсыз ауа райымыз үшін арнайы өсірілген ағаштар мен бұталардың селекциялық үлгілерін отырғызуға тырысатынын атап өтті. Осылайша, саябақ қызметкерлері қаланың жасыл белдеуін аяздан немесе жазғы құрғақшылықтан сақтауға үлес қосуда.
— Бізде Барнауыл ботаникалық бағымен ынтымақтастық туралы меморандум бар, — дейді Арсен Владимирович. — Мұндай ынтымақтастық өте тиімді, өйткені бізде климаттық жағдайлар ұқсас және олар осы бағытта әртүрлі дақылдарды будандастырып, нәтижелі жұмыс атқаруда. Сондықтан біз бұл жұмысты жүйелі түрде жүргіземіз.
Сонымен қатар, саябақ басшылығының ақпараты бойынша, бір кесілген ағаштың орнына 20-30-ға жуық жас көшет отырғызылады.
Мира Круль
Фотоларды ұсырнған Елена Бредихина, Ирина Плотникова және редакция мұрағатынан