605
16 мая 2023

Өскеменде қала көшелеріне гүл егу басталды

Биыл облыс орталығында 22 мың шаршы метр жерге гүл егу жоспарланған деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

— Бүгін қалада біржылдық гүлдерді отырғызу басталды, — дейді «Таза Өскемен» КМК директоры Асхат Тәженов. — Көшеттердің бірінші партиясы кәсіпорын базасына әкелініп қойды, енді оның сапасын бағалап, өсіп кету әлеуетін тексеру үшін сынақтық егу жұмыстары басталды.

«Таза Өскемен» КМК мәліметтеріне назар аударсақ, көшеттерді екпес бұрын, топырақты даярлау жұмыстары жүргізілген екен, бұл да көшеттердің тез тамыр жайып кетуіне әсер етуі тиіс. Он үш учаскеде топырақ жартылай ауыстырылған. Кәсіпорын гүлзарларды суғару мәселесіне де түбегейлі  кіріскен екен. Гүлзарларда стационарлық суару жүйесімен жабдықтау пайызы 87% - ға дейін жеткізіліпті.

Биылғы жылы қаланы көгалдандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Гүлзарларды құру кезінде қолайсыз ауа-райына төзімді көшеттерге артықшылық беріледі.

— Биылғы жылдың ерекшелігі сол, көлемді аумақты  көгалдандыруды ойлап отырмыз, 22 000 шаршы метр жерге гүл отырғызуды жоспарадық, — дейді "Таза Өскемен" КМК шебер-көгалдандырушысы Мақсат Жұмағазыұлы. — Жыл сайын екпелер жүргізілетін орындардан басқа, біз "АДК" СҮ жанында, Қабанбай батыр көшесі — Қазақстан көшесінің оң жақ бұрылысының жанында гүлзарларына гүл отырғызамыз. Енді Арбатта біржылдық өсімдіктерді отырғызу жүргізілуде, содан кейін біз Үлбі көпірінің көпір алдындағы ауыспаларына көшеміз. Петунияларды, барқытгүлдерді, цинерарийлерді, сальвияларды және т. б. егеміз. Мен сізге  қала бойынша отырғызылатын гүлдердің атауларын тізімдедім. Бізде дизайнер бар және біз гүлді арнайы сызбалар бойынша отырғызамыз. Гүлді негізінен  қала тұрғындары жүретін жерлерде отырғызамыз.

Маманның айтуынша, қаланы көгалдандыру мерзімі ауа-райына байланысты болады, бірақ бригадир өздерінің осы жұмысты  1-1,5 айда аяқтағысы келетінін атап өтті.

Елена Бредихина
Фото автордан

1
0
0
0
0
0