195
11 мая 2023

Өскеменде жолдарды орташа жөндеудің бірінші кезеңі аяқталуда

Биылғы көктемде Қуленов атындағы және Жыланды кенттерінің жөнделуі тиіс көшелерінде жаңа асфальт жабыны салынды, деп хабарлайды Noks.kz.

Молдағұлова көшесін Куленов кенті тұрғындары жолдың негізіне әуежайлардағыдай бетон плиталар салынғандықтан "ұшу жолағы" деп атайды. Бірақ соңғы жылдары ойлы-шұңқырлы жолжа жылдамдықты арттыру мүмкін емес. 2023 жылдың сәуір айында, қар ери салысымен аталған аумақта орташа жөндеу жұмыстары басталды. Халықтар достығы көшесінен бастап "Новостройка" аялдамасына дейінгі, жалпы жиынтығы 964 метр аралықта, жаңа жол жиектері мен жаңа асфальт жол салынды. Қазіргі уақытта жол бойында көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

— Мұнда 4000-ға жуық тұрғын тұратын, шешілуі тиіс мәселелері көп шағын аудан бар, — дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Мектепке көп бала барады. Адамдар көлікпен, сондай-ақ қоғамдық көліктер жүреді, ал жол болса нашар. Қазір жөндеу жұмыстары толық аяқталуға жақын. Жалпы, қала бойынша ерте басталған орташа жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуда. Жыланды кентіндегі Протозанов, Интернациональная көшелерінде де жөндеу жүргізілді. Пограничная көшесін де аяқтаймыз. Абай даңғылында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Енді екінші кезеңді жоспарлап отырмыз.

0
0
0
0
0
0