174
12 мая 2023

Өскеменде аулаішілік өткелдер жөнделуде

Қазіргі уақытта облыс орталығының аулаларында жол шұңқырларын жамау жұмыстары жүргізілуде. Бірақ қала басшылығы тозығы жеткен аумақтарда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Noks.kz.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 50-ден 70-ке дейін аулада шұңқырлық жөндеу жүргізілмек. Биылғы жылы қасбеттік жұмыстар жүргізіліп жатқан Н.Назарбаев даңғылындағы үйлердің аулаларындағы жолдар да жөнделеді. Әкімдікте күрделі жөндеу жобасы да дайындалуда.

— Қазір біз аулалардағы жолдарда асфальтты толық ауыстыру бағдарламасын іске асыра бастадық, — дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Шұңқырларды жөндеу аса тиімді емес. Өйткені, мұндай жұмыс жыл сайын қайталанады. Мен біздің мамандарға аула жолдарын толығымен жөндейтін бағдарламаны дайындауды тапсырдым. Себебі, бұл тиімдірек.

Әкімдіктің жоспарында жүз ауланың жолына орташа жөндеу жүргізу бар.

Әкімдік бұл жобаны қаржыландыру бойынша ұсынысты қалалық мәслихаттың маусым айындағы сессиясына шығармақ. Егер депутаттар оны мақұлдаса, жұмыс жылдың екінші жартысында басталады.

0
0
0
0
0
0