167
18 мая 2023

Өскеменде Абай даңғылын түнде жөндеуде

Жұмыстың негізгі көлемі автокөлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық туғызбау үшін түнгі уақытта орындалады деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Облыс орталығында Абай даңғылына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бірінші тегістеу қабаты спорт сарайынан Тракторная көшесіне дейін қолданылған. Қазір төсеу кері бағытта — Тракторнаядан Шолохов көшесіне дейін жүргізіледі. Асфальтты екі қабаттап төсеу көзделген. Жөндеу барысында жолдың әртүрлі учаскелері сағат 20:00-ден 6:00-ге дейін қозғалыс үшін толығымен жабылады.

— Бұл қаланы өндірістік аймақпен байланыстыратын негізгі магистральдардың бірі. Бұл жерден өте көп көлік өтеді. Даңғылдың жалпы ұзындығы — бес шақырым. Мұнда негізгі жұмыстар автокөлік жүргізушілері мен қоғамдық көліктерге кедергі келтірмеу үшін түнде жүргізілуде, — деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Сол себепті, асфальтты фрезерлеу және төсеу кезең-кезеңімен, бір телімнен келесіне көше отырып жүзеге асырылады.

Жұмысты аяқтау маусым айының ортасына жоспарланған.

— Біз асфальттың сапасын бақылайтын боламыз. Арнайы зертханалар бар, техникалық бақылау бар. Жол жамылғысы төселген жерде оларды қазірдің өзінде тексеріп жатыр, — деп қосты қала басшысы.

Айта кетейік, Абай даңғылы 10 жылдан астам уақыт бойы орташа жөндеу көрмеген екен. Осы уақыт ішінде жол төсемі тек шұңқырларды жөндеу арқылы ретке келтіріліп жүріпті.

0
0
0
0
0
0