Мықты адамдардың мұқалмас ерік-жігері
Өскеменде ҚР ҰҚК Төрағасының волейболдан Кубогы өтті. Ең ірі ведомстволық турнир тарихтағы ең ауқымдысы болып шықты.
Биыл қаламызда 15 мамырда басталған турнир Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жылдығына арналған. Мерейтойлық күнді жаңа форматтағы турнирмен атап өту туралы қабылдаған шешім таңқаларлық емес.
— Тарихта тұңғыш рет барлық өңірлердің командалары бір қалаға жиналды, — дейді Павлодар департаментінің өкілі Дәурен Әбішев. — Бұрын командалар аймақтық турнирлерде ойнап, финалға тек мықтылар ғана қатысатын. Ал мұнда барлық 23 команда бір мезетте жиналды! Мұндай жарыстар соңғы рет 2017 жылы өткізіліп, қай команда маңдай терлерін қалай төккендерін көруге болады. Қазір бірқатар командалардың өз жаттықтырушылары да пайда болды.
Осындай форматтағы турнир еліміздің қауіпсіздігін қорғауда қызмет етіп жүрген әріптестер арасында жолдастық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Комитет осыған ұқсас және басқа спорт түрлері бойынша сайыстар тұрақты өткізеді, себебі спорт әртүрлі департаменттер мен олардың қызметкерлері арасындағы достықты нығайтуда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз.
Дегенмен, спорт — бұл бәсекелестік. Ал бұл турнирде бәсекелестік мықты болғандығы, айтпаса да түсінікті. Үшінші орын үшін талас та, финал үшін ойында үш сетте аяқталған жоқ, бұл жанкүйерлерге жақсы ойналған волейболдан ләззат алуға мүмкіндік берді.
Ақтөбе облысы департаменті мен ҰҚК Орталық аппаратының командалары арасындағы қола медаль үшін ойын ерекше тартысты өтті. Бастапқыда командалар 1:1 есебімен тең де тең түскен еді. Үшінші сет шешуші болып, көрермендерге қайталанбас әсер сыйлағаны рас. Ақтөбе департаменті 23:19 есебімен алда жүрді. Жеңіске жетіп, сайыс нәтижесіне түбегейлі өзгеріс енгізу үшін тек екі ұпай жетпей тұрды. Бірақ өз қателіктері мен әр допты соғуға бел буған қарсыластың құлшынысы бұл айырмашылықты біртіндеп теңестірді – 23:23.
Барлығын қайтадан бастауға тура келді. Егер Орталық аппарат командасы бұл сетте жеңіске жетсе, матч басқаша аяқталуы мүмкін еді. Алайда, өз артықшылығын жоғалтқан ақтөбеліктер өздерінің мықтылығын дәлелдеп, үшінші сетте жеңіске жетті. Төртінші ойында мұндай өткір күрес болған жоқ — ОА–тың командасы төртінші жинақтала алмады, сондықтан жеңіліске ұшырады, нәтижесінде ҰҚК Ақтөбе департаментінің қола медальға қол жеткізіп, 1:3 есебімен жеңіске жетуіне жол ашылды.
— Өз командаммен жұмыс атқара отырып мен олардың мықты мінезін көрдім, — деп осы турнирде ақтөбеліктерді басқарған, бұрынғы кәсіби, оның ішінде Өскемендегі "Шығыс-қорғасын құрылыс" ойыншысы Сергей Трикоз өз әсерімен бөлісті. — Әр ойынның өз қиыншылығы болып, жігіттер барын салып ойнады. Жеңіске жетуге деген құштарлықтары соншалық, олар жеңілісті қабылдамайтынын, тіпті, кәсіби спортың өзінде сирек көрген едім.
Бұл мені, әрине, таң қалдырды. Жалпы, мұндағы алғашқы төрт командалардың деңгейі жоғары лигада ойнау мүмкіндіктерінің барын дәлелдеп тұрғандай.
Ақтық ойын, шешуші шайқасқа сай, өте тартысты және ұзақ болды. ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті мен Шекара қызметі академиясының командалары спортсүйер қауымды жоғары сапалы ойынмен қуантып, ойын бес сетке ұласты.
"Олар мұнда бізге қарағанда комбинациялардың көбірек нұсқаларын пайдаланады екен", — деді "Алтай" әйелдер волейбол клубының капитаны Сана Анарқұлова.
Шынында да, ойын барысы құбылып тұрды. Мұнда құйтырқы тәсілдер, жойқын, кейде алдамшы соққылар, темірдей тосқауылдар және доп соңынан алаң сыртына дейін секіру де болды. Бес партия барысында волейболда жақсы көретін барлық тәсілдерді көрген едік.
Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдер толқыны. Павлодарлықтар алдымен 1:0, содан кейін 2:1 есебімен жеңіске жетіп отырды. Шекарашылар барынша қуып жетуге күш салды. Ал ұпай санынан ұтылу қашанда ауыр. Төртінші сетте қиындықпен қол жеткізілген жеңісті шекарашылар бесінші сетте ұстап қала алмады. Нәтижесінде Павлодар департаментінің өкілдері чемпион атанды.
Турнир барысында номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды, бірақ біз оларды атамаймыз, өйткені ҰҚК қызметі — бұл мемлекеттік маңызы бар бірқатар құпияларды сақтаумен байланысты қызмет. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері үшін мұндай жеңісті сәттерде да құпия болып қалу өте маңызды. ҰҚК-нің 30 жылдығына арналған турнир аяқталды, ал айтарлықтай спорт сайысынан кейін біздің қауіпсіздігіміздің күзетінде тұрғандардың тұтастығы нығая түскендігіне сенімдіміз.