394
25 мая 2023

Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нұсқасына көшу жалғасуда

ҚР Президенті Қасым-жомарт Тоқаев мүлік иелері бірлестіктері институтын (МИБ) енгізуге бағытталған реформа түбегейлі соңына дейін жеткізілмегендіктен, олармен қатар пәтер иелері кооперативтері де (ПИК) қатар жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Бүгінгі таңда, республикалық БАҚ ақпараты бойынша, ПИК басқару нысаны ретінде қалады, яғни ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап олардың қызметін тоқтату күшіне енбейді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң жетілдіріліп, онда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың барлық өзіндік ерекшеліктерін енгізу көзделуде.  Жаңа жетілдірілген бұрынғысы ма? Әзірше ескі заң қолданыста, дегенмен өз үйлерінің басқарушылық менеджментін өзгертуді шешкен көпқабатты тұрғын үйлердің (КТК) тұрғындары басқарудың жаңа нысандарына көшуді жалғастыруда.

— 2023 жылдың 15 наурызында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заңға сәйкес үйлерді басқарудың жаңа түрі тұрғын үйдегі, оның ішінде үйдегі пәтерлердің белгілі бір санына сәйкес келуі тиіс: 16 пәтерге дейін — тікелей бірлескен басқару (ТББ); 30 пәтерге дейін — қарапайым серіктестік (ҚС); 30-дан астам пәтер - мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ), — дейді Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының ТКШ, сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы Рауан Тұрыспек. — Осылайша, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған көппәтерлі тұрғын үйлердің қарапайым серіктестіктері, яғни 30-дан асатын үйдің пәтерлері, кезінде екі жыл ішінде басқару нысанын осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге және МИБ-не (мүлік иелері бірлестігі) көшуге тиіс. Көппәтерлі тұрғын үйлерді (МИБ/ҚС) басқарудың жаңа түріне көшу мәселелері бойынша негізгі материалдарды "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ ресми сайтынан көруге болады (zhkh.kz).  Туындаған барлық мәселелер бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне жүгінуге болады.

Мұнан басқа, облыстық құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктері реформаны іске асыруы аясынд нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде кондоминиум нысанын басқаруға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін, қасбеттерді ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, меншік иелерінің өтемақы қағидаларын бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға байланысты шығындар, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді ұсыну Ережелері бойынша жұмыстар атқаруда.

Бүгінде ПИК (ПКСК), МИБ, ҚС, ТББ сияқты басқару нысандары жұмыс істейді.  Олардың арасындағы негізгі айырмашылық пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар санында, жалпы – бір үйге, оның ішінде өткен жылдан бастап және пәтер иелерінің кооперативтерінде бір есеп-шот қолданылуда. 

Естеріңізге сала кетейік, мүлік иелерінің бірлестігі — бұл коммерциялық емес ұйым болып табылатын, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «Бір үй — бір МИБ — бір есеп-шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтін заңды тұлға.

Бұл ретте мүлік иелерінің бірлестігінде пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың екіден бастап шектеусіз санына дейін болуы мүмкін.

Қарапайым серіктестік «Бір үй — бір МИБ — бір есеп-шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтін заңды тұлға құрмай-ақ құрылады, қатарына екіден 30 пәтерге дейін және тұрғын емес үй-жайлар кіреді. 

Тікелей бірлескен басқаруды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелері құра алады, мұнда екіден 16 пәтерге дейінгі пәтер және тұрғын емес үй-жайлардың иелерін біріктіруді білдіреді.

Бірыңғай іргетаста орналасқан не бірыңғай жалпыүйлік инженерлік жүйелері бар көп қабатты тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайларының 2/3 астамының келісімімен бір МИБ немесе ҚС құруға құқылы.

ҚС немесе МИБ таңдаған тұрғындар жергілікті тұрғын үй инспекциясына жүгінуі керек, онда ол жаңа құрылымдар тізілімге енгізіледі.

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ сайтының статистикасы бойынша бүгінде Қазақстанда 39 727 үй ҚС, 5721 — МИБ; ШҚО-да — 2660 ҚС, 297 — МИБ басқаруға өтті. 

Көпқабатты үйлерді басқару нысандары ауқымының кеңеюі ребрендинг жүргізуге ғана емес, сонымен қатар өзінің тұрғын үй меншігіндегі нысандардың жағдайын түбегейлі өзгертуге құқылы тұрғындардың еркін таңдауының артықшылығын айқындауда.

Ольга Юрьева

0
0
0
0
0
0