106
22 мая 2023

Өскемендесуға түсу орындарын санитарлық дәрігерлер тексереді

Ауа-райы жылынғандықтан қала тұрғындары суға түсу маусымының ашылуын асыға күтеді.  Демалушыларға салқын суға малынуға рұқсат бермес бұрын, жаппай шомылу орындарын дәрігерлер мұқият тексереді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

— Суға түсу маусымы басталғанға дейін 22 мамыр мен 1 маусым аралығында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде рекреациялық орындардағы су айдындары мен топырақ сынамаларын зертханалық зерттеу жоспарланған, — деп хабарлады ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.

Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жоспарында екі рекреациялық аймақты: Карбышев көшесіндегі "Самал" саябағының жағажайын, сондай-ақ Меновное ауылы ауданындағы "Көгілдір көлдер" жағажайын тексеру бар екен. Екі нысан да Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының теңгерімінде.

— Осы демалыс орындарында шомылуға арналған су айдындары суының қауіпсіздігін микробиологиялық, санитарлық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін анықтауға болады, — деп түсіндірді Ғалымбек Жақсыбекұлы.

Мира Круль

0
0
0
0
0
0