Өскеменде тамшылатып суару жүйесі бірден бірнеше көшеде пайда болады
Суарудың жаңа әдісі көшеттердің тамыр жайып кету пайызын арттыруы керек, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
— Биыл біз суару жүйесін бұрын орнатылған жерде жаңартып, бұрын болмаған жерде суару жүйесін ұйымдастыруды шештік, — деп атап өтті Өскемен әкімі instagram-да тікелей эфир барысында.
Мысалы, Астана көшесінде ысырмалар ауыстырылып, қуатты сорғы орнатылды. Сондай-ақ, мұнда тамшылатып суару ұйымдастырылды.
Айта кету керек, көктемнің ортасында эксперименттік тамшылатып суару әдісі Тәуелсіздік ескерткішіне отырғызылған ағаштарда сыналды. Нәтижесінде жас екпелер бұрын 19-шы тұрғын аудан аумағында отырғызылған барлық ағаштарға қарағанда жақсы тамыр жайды.
Енді қала билігі бұл сәтті тәжірибені қаланың басқа көшелеріне көшіруді жоспарлап отыр. Әкімнің айтуынша, жаңа жүйені орнату Өскеменнің орталық бөлігінде жүріп жатыр. Бірақ тамшылатып суару енгізілетін нақты көшелерді облыс орталығының басшысы әлі тізімге енгізген жоқ.