Өскеменде саяжай алабына дейінгі жаңа жолда асфальттың сапасы тексерілді
"Өскемен-Семей" тас жолынан "Радуга" бау-бақша серіктестігіне дейінгі жол рекордтық мерзімде төселді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Проблемалық жолдың бір шақырымнан сәл асатын бөлігі ұзақ жылдар бойы жергілікті тұрғындардың, сондай-ақ саяжай массивінің шегіне кіретін № 53 маршруттың автобус жүргізушілерінің наразылығын тудыратын. Ағымдағы жылдың көктемінде мұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Мен мұнда жыл бойы отбасыммен, немерелеріммен бірге тұрамын, — деді жергілікті тұрғын Алена Красносельских. — Ал бұл жол біз үшін "өмір жолы" болып табылады. Төрт жыл бұрын біз автобустың қыста да, жазда да жүруіне қол жеткіздік. Бірақ көбінесе жүргізушілер мұнда келуден бас тартады, адамдарды тас жолдың шетіне қалдырып, әрі қарай жаяу кететін. Қарда, жаңбырда, балалармен, қарттармен, оқушылар... бәріне қиын еді. Әкімдікке, біздің депутатқа және коммуналдық қызмет қызметкерлеріне осы жолды бізге уәде еткендей жасап бергені үшін көп рахмет. Ең бастысы - сапалы жасалған. Біз өте қуаныштымыз. Автобустар енді бізге тұрақты келіп тұрады, көліктер соғылмайды. Жұмысшылар біздің барлық тілектерімізді ескерді.
25 мамырда осы учаскедегі жөндеу сапасын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тексерді. Қала басшысы жол жамылғысынан алынған өзекті қарап, қанағаттанды.
— Тұрғындар бірнеше жыл бойы осы жолды жөндеуді сұрап, депутаттар бұл мәселені біздің алдымызға қойған болатын, — деп түйіндеді әкім. — Биылғы жылы біз қаражат таптық. Осының арқасында жол жасалып, мәселе шешілді.
Мира Круль