300-ден астам өскемендіктер мега-сенбілікке қатысты
3 маусымда Комсомол аралында экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі. Акцияға қатысушылар 400-ден астам қап қоқыс жинады.
"Байтақ" жасылдар партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Алмаз Жәкішевтің айтуынша, бұған дейін мұндай іс-шараларға 70-тен астам адам қатысқан екен. Бүгін қала әкімдігінің қолдауымен 300-ден астам адам келді.
— Біз бұрынғыдай сенбіліктерге педагогтар мен мемлекеттік қызметшілерді, дәрігерлер мен кәсіпорын қызметкерлерін жинайтын ескі дәстүрден бас тарттық, — деп әңгімелейды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — енді әрбір кәсіпорын өз аумағын тазалауы керек, әрбір ПИК пен кондоминиум, ЖС пен МИБ өз ауласы үшін жауапты. «Таза Өскемен» қаланың басты көшелері, скверлері, саябақтары мен қоғамдық орындары үшін жауапты.
Қала басшысының айтуынша, жақында олар сенбіліктерді ойын түрінде ұйымдастыра бастапты. Қатысушылар командаларға бөлініп, қоқыс фракцияларын жылдамдыққа жинайды. Бөлінген уақыт ішінде көбірек қоқыс жинаған команда жеңімпаз болады. Қатысушылар сөмкелерді шатастырмауы үшін оларды түрлі-түсті стикерлермен белгілейді.
— Біз спонсорларды тартып, қатысушыларды тамақтандырамыз, су, көлік және т.б. қажеттіліктермн қамтамасыз етеміз. «Таза ойындарға» өзім де қатысып, үлесімді қосудамын, — дейді қала әкімі.
Айта кетерлігі сол, сенбілікке қатысушылар байқауға да қатыса алады. Олар Instagram-да жинаған қоқыстарымен селфи жасап, "Байтақ" немесе Amalaya project жобасын белгілеуі керек. Жиналған қоқыс мөлшері ескеріледі. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар сыйлықтар мен сыйлық сертификаттарын дайындап қойған екен.
Комсомол аралындағы сенбіліктен кейін еріктілер қалалық полигон аймағына барып, онда тағы 150 қап қоқыс жинап, тәртіп орнатты.
Елена Бредихина
фото автордан