206
14 июня 2023

Өскеменде студенттер арасында волейболдан республикалық чемпионат басталды

Қазақстанның әр өңірінен 300-ге жуық жастар волейболдан үздік команда атағына таласу үшін облыс орталығына келді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Өскеменге өз өңірлерінде жеңімпаз аталған командалар келді. Чемпионатқа барлығы 13 қыздар командасы мен 15 ұлдар командасы қатысады.

Жарыс қаланың үш алаңында өтеді: техникалық-гуманитарлық, жоғары политехникалық және гуманитарлық колледждерде.

— Біз осындай жарыстарға екінші жыл қатарынан қатысып келеміз, — дейді техникалық-гуманитарлық колледждің атқарушы директоры Ернар Іргебаев. — Өткен жылы колледжіміздің оқушылары жарыстарда жеңіске жетіп, республикалық жарыстарға Орал қаласына барып, екінші орын алды.

Чемпионаттың жабылуы 16 маусымға жоспарланған.

0
0
0
0
0
0