Жеңіл атлетика
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ
Мекемедегі спорт бөлімдерінің саны: жеңіл атлетика және гольф.
Мектеп өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 03.07.14 жылғы №228-V, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы (29.06.2020 ж. енгізілген өзгерістерді ескере отырып), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бекітілген «Спорт резервін және жоғары санатты спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығы, «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік стандарт қызметі (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығы), Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт «Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
Жалпы балалар саны: Қазіргі таңда жаттығушылар саны 556 адамды құрайды. Оның ішінде 30 бастапқы дайындық тобы (293 бала), оқу-жаттығу топтары – 33 (225 адам), спортты жетілдіру– 11 (38 адам). Барлығы 74 топ бар.
Жыл бойына Шығыс Қазақстан облысының қала мектептерінен және жақын маңдағы аудандарынан жеңіл атлетика бөліміне сабаққа болашағы зор балаларды іріктеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді.
Спортшыларды жарысқа дайындау қысқы кезеңде «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетикалық орталығында, жаз кезінде «Восток» стадионында, сондай-ақ спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына шығуымен жүзеге асырылады.
Дайындалған спорттық разряды бар спортшылар
Жыл соңында мекеме бойынша 1 разрядты 39 спортшы, 1,2,3 жасөспірімдік разрядты 99 спортшы құрайды. «Спорт шеберіне үміткер» саны – 20 спортшы, «Спорт шебері» - 9 спортшы, «Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері» - 5.
Сандық және сапалық құрам:
Мектептің штаттық саны 110 бірлікті құрайды, жұмыс істейтіндердің нақты саны – 82 бірлік.
Қазіргі уақытта 27 жаттықтырушы-оқытушы, жеңіл атлетикадан 23 жаттықтырушы және гольфтен 3 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың ішінде жоғары санатты жаттықтырушылар – 8, бірінші санатты - 6 және екінші санатты 3 жаттықтырушы.
Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы және Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетика федерациясымен бірлесе отырып, жаттықтырушылар мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру курстары өткізілуде.
Курстардың міндеттері: оқытудың заманауи стилінде тренер-педагогтарды дайындау, білім мен тәжірибені арттыру, оқу үдерісіне жаңа стандарттарды енгізу болып табылады.
2022 жылы мектеп оқушыларының жалпы иеленген медальдар саны:
2023 жылдың басынан бастап қазіргі күнге дейін мектеп оқушыларының жалпы иеленген медальдар саны: халықаралық жарыстардан 20 медаль (1,2,3 орындар) және республикалық жарыстардан – 92 медаль (1,2,3 орындар).
2023 жылдың ақпан айында Астана қаласында өткен Astana Meeting World indoor tour халықаралық турнирінде Дубовицкая Надежда 1 орын, Соколов Андрей 2 орын алды.
2023 жылдың ақпан айында өткен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған VIII халықаралық турнирдің қорытындысы:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеңіл атлетиканы дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында осы спорт түрін насихаттау мақсатында мамыр айынан бастап Ұлан, Самар, Алтай аудандарының оқушылары арасында жеңіл атлетикадан аудандық іріктеу жарысын өткізу жоспарланып отыр. Аталған іріктеу нәтижесінде спортқа бейім, болашағы зор спортшыларды әрі қарай тәрбиелеу және жаттықтыру үшін ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-не орналастыру қарастырылған.
Жеңіл атлетикадан жақсы нәтиже көрсетіп, облыс және республикалық, тіпті халықаралық жарыстарға қатысып жүрген спортшылар тек қана Өскемен қаласының спортшылары емес. Облысымыздың Риддер, Алтай қалаларында, Зайсан, Күршім, Ұлан, Глубокое, Катон-Қарағай аудандарында жеңіл атлетика спорты жақсы жолға қойылған. Аталған аудандардың спортшылары облыстық жарыстарда жақсы көрсеткіштер көрсетуде.
Жеңіл атлетика дене шынықтыру жүйесінде және Шығыс Қазақстан облысында негізгі спорт түрлерінің бірі болып табылады, бұл спорт түрін дамыту өз деңгейінде жүргізіліп, жеңіл атлеттардың шеберлік деңгейі көтерілуде. Жоғарғы жетістік спорт түрлері үшін резерв дайындалуда және жастар арасында салауатты өмір салты насихатталуда.
Алға қойылған міндеттер:
- спорт секцияларына балаларды сапалы іріктеуді жалғастыру;
- жаттықтырушылардың, оқытушылардың, әдіскерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру;
- мектеп спортшыларының облыстық командалар құрамында республикалық және халықаралық жарыстарға дайындығын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының резервтік құрамына спортшыларды дайындау;
- мектеп оқушыларын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру.
Директордың м.а. Л. Казыкешова