Үздік механизатор
Алтай ауданында қиындықтардан қорықпайтын нағыз кәсіпқойлар, өз ісінің нағыз майталмандары көп. Олардың бірі, Бородино ауылының тұрғыны — механизатор Александр Краснов.
Александр шаруалардың еңбегін құрметтей білетін көпбалалы отбасында өсіп, жетті. Бала кезінен техникамен шұғылданғанды жақсы көрді. Оған жүргізуші болып жұмыс істеген әкесі мен құрылыста жұмыс істеген анасы үлгі болды. Александр Владимировичтің бүкіл өмірі жермен және техникамен тығыз байланысты. Еңбек жолын Бородино ауылында келген 1982 жылдан бастады. Уақыт өте келе ол барлық ауылшаруашылық техникасын меңгеріп, мол тәжірибе жинады.
Ерте көктемнен күздің соңына дейін ауыл механизаторының бос уақыты болмайды. Александр әр түрлі ауылшаруашылық техникасын басқара жүріп, кез келген жұмысты сапалы және ар-ұжданмен маңдай терін төге атқарады: жер жырту, көктемгі егіс, шөп шабу немесе дәнді дақылдарды жинау. Ол шаруашылықтағы әрбір алқапты, егістіктің әр бұрышын жақсы біледі. Білікті механизатордың еңбегі қашанда және барлық жерде сұранысқа ие. Қолына алған кез келген істі ол сапалы атқарады. Ол техниканы өте жақсы көргендіктен, ол сияқты ешкім темірдің тілін таба алмайды.
Александр Краснов атқаратын ауыр жұмыс қазіргі жастарға үлгі боларлық. Ол үшін әрбір егіс, жем-шөп немесе егін жинау науқандары қатаң емтихан іспеттес. Ол кез келген жетістікке табандылықпен және еңбекқорлықпен қол жеткізетініне сенімді. Ал жер жоғары өнім беруі үшін көп күш жұмсау керек.
— Ұзақ қыстан кейін қар астында пайда болған алғашқы жасыл өскіндерді, көктемде жыртылған жерді көргендегі, сондай-ақ күзгі астықтың алғашқы тоннасын жинағандағы сезімді басқаларымен салыстыруға келмейді, — дейді Александр.
Ауылда Александр Владимирович лайықты құрметке ие. Әріптестері оны мейірімділігі пен жауаптылығы үшін бағалайды. Әрдайым көңілді жүріп, ешқашан қапаланбайтын ол басқа механизаторларға кеңес беріп, көмектесуден шегінген емес. Оның шебер қолымен барлық іс оңай атқарылып, ал нәтижесі көз қуантады. Мұның барлығы ауыл еңбегіне деген сүйіспеншіліктің, техниканы жақсы меңгер мен кез келген жұмысты жауапкершілікпен және жан-тәнімен атқара білуінің арқасында екендігі даусыз.
Е. Е. Мұхтаров,