705
13 июня 2023

Жастарға көмек болсын деп

2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға 2,5 жылдық пайызбен жеңілдікпен шағын несие берудің жеке тетігін іске қосуды тапсырды.

Осы тетікті іске қосу үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап "Жастар" санатына 14 жастан 35 жасқа дейінгі (бұрын 29 жасқа дейінгі) азаматтар жатады.

Жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің негізгі тетігін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға мерзімділік, ақылылық (номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайтын), қайтарымдылық, қамтамасыз ету (кепілмен қамтамасыз етудің болуы) және нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып беріледі.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін,  несие алуға өтініш бергенге дейін  тіркелгеніне бес жылдан кем уақыт өткен  жас кәсіпкерлер несие ала алады.

Несиелер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ сенім білдірілген агенті арқылы беріледі.

Кез келген мақсатқа несие беру сомасы бес жылға дейінгі кезеңге бес миллион теңгеге дейін, мал шаруашылығы саласында – жеті жылға дейін.

2023 жылы бюджетте 1 миллиард 90 миллион теңге көлемінде 218 несие беру көзделген.

0
0
0
0
0
0